«КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚАЖЕТ». СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЛА ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембінов, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Төлемісов шаһардың тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар нысандарды аралады.
Сапар барысында халық қалаулылары Талдықорған қаласындағы кардиологиялық орталыққа бас сұғып, орталықтың материалдық техникалық базасын көріп, дәрігерлермен жүздесті. Мамандар сенат депутаттарына жаңа алынған аппараттарды көрсетіп, атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, жүрек қан тамыры ауруларына шалдыққандардың саны артып келе жатқанын, қазіргі ғимарат тарлық етіп отырғанын айтып, жаңа ғимарат салынса деген ұсыныс айтты.
Бұл мәселе бойынша Сұлтан Дүйсембинов:
– Жұмысқа барғаннан...
Полиция органдарына қызметтік 40 автокөлік берілді
Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында өңірдегі полиция органдарына қызметтік 40 автокөлік берілді. Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайының маңындағы алаңқайда жаңа автөліктердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды.Облыстық полиция департаментінің әрбір аудандық, қалалық бөлімшелеріне 4 қызметтік автокөліктен берілді. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларына, патрульдік полицияға "Cjhevrolet Cobalt", табиғатты қорғау бөлімшелеріне "Wingle 7", кезекші бөлімдерге "ГАЗ Соболь" маркалы автокөліктері, сол сияқты...
Өрттің себебі қысқа тұйықталудан болады
Өрт себептерінің бірі - электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе қысқа тұйықталудан болады. Бұл оқшаулаусыз екі өткізгіш бір-біріне қосылған кезде пайда болады. Нәтижесінде электр желісінің шамадан тыс жүктемесі пайда болады, ол желідегі ток күшінің күрт артуымен бірге жүреді. Сымдар бірден металл өткізгіштер еритін температураға дейін қызады, ұшқындардың қарқынды шығуы және көп мөлшерде жылу байқалады....
Талдықорғанда 25 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Береке» коттедж қалашығында тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 25 көпбалалы отбасыға баспана кілті табыс етілді. Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Осынау қуаныштарымен құттықтау үшін қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы келіп, баспаналы болып жатқан тұрғындарға ақжарма тілегін білдіріп, баспана кілттерін табыс етіп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Бүгінде Талдықорған...
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өсті
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары — 120%-ға дейін жыл...
2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттыру жоспарланған. Мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады. 500 мың бала...
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Денсаулық сақтау министрлігі
«Бір күндік клиника» жобасы бүкіл елімізде кең ауқымда жүріп жатыр
«Бір күндік клиника» жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылған өңірлердің тәжірибесі бүкіл Қазақстанға таратылады. Оны іске асыру жүкті әйелдерді пренатальды диагностикалаудың инновациялық әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және денсаулығында туа бітті кінәраты мен хромосомалық патологиясы бар бала туу қаупін дер кезінде анықтауға мүмкіндік берді. Бір күн ішінде «бір терезе» қағидаты бойынша пренатальды...
Талдықорғанда «Үздік Жаңа жылдық безендіру» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Қош келдің, Жаңа 2025 жыл!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Өңір тұрғындарын Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Өтіп бара жатқан жыл біз үшін жетістіктерге толы болды. Бұл жылы Талдықорған қаласының дамуы мен гүлденуі жолында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бағытында табанды еңбек еттік. Бірлесе...
Жастар саясатына зор мән берілді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында қоғамды толғандырып жүрген мәселелер мен бірқатар өзекті тақырыптарды қамтыды.
Мақаламен танысу барысында 2024 жылдың еліміз үшін маңызды оқиғалар мен күрделі жағдайларға толы болғандығын анық байқауға болады. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7 мың шақырым автокөлік жолының салынып, жөнделуі, маңызды бастамалар мен жобалардың жүзеге асырылуы, «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы аясында...
Қазақстанды дамыта отырып, әлемге таныту маңызды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында былтырғы жылы өткен маңызды оқиғаларды саралап, еліміздің дамуына, оның ішінде әр сала бойынша атқарылған істерге тоқталып, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Мемлекет басшысы былтырғы жылғы өзекті оқиғалардың қатарында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, экономикалық реформалар, әлеуметтік саланы дамытудағы шаралар, су тасқыны, төтенше жағдайлар, ұшақ апаты туралы да жеке-жеке айтып өтті....





























