Бейбіт Исабаев Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты жайлы әңгіме өрбіді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс басшысымен әңгімелесу барысында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі, Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Аян Зейнуллин, «Respublica» фракциясынан сайланған депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі...
Президент Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін...
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр.
Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген...
Руслан Қожасбаев: «Біз есеп үшін емес, ел үшін жұмыс істеп жатырмыз»
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев партияның Жетісу облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Тұрғындар білім ошағының техникалық жағдайына, өзен арнасын тазалауға және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыруға қатысты мәселелер көтерді.
Мәселен, Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылының тұрғыны Тойлыбай Домбағұлов аталған ауылдағы орта мектептің техникалық жағдайы сын көтермейтінін жеткізді.
– Білім ошағы сонау 1982 жылы салынған....
Алакөл жағалауындағы қауіпсіздік: дрон мен бейнекамера мүмкіндігі кеңінен пайдаланыла бастады
Судағы және өрт қауіпсіздігін, сол сияқты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін биылғы шомылу маусымында Алакөл жағалауына Төтенше жағдайлар департаменті құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары, Көліктік бақылау инспекциясының мамандары, Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалауда дрондардың және бейнекамералардың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Тыйым салынған жерлерде су көліктерінің бақылаусыз қозғалысы мәселесін реттеу мақсатында...
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалуда
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ақпараттық картасы әзірленіп жатыр. Бұл платформа елдегі колледждер туралы кешенді әрі өзекті деректерді бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта ұсынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Интерактивті карта пайдаланушыға қажетті өңірді тез таңдауға және сол аймақтағы колледждердің, студенттер мен оқытушылардың санын, жатақханалар, спорт залдары және өзге де нысандар, даярлық бағыттары мен...
Жетісу облысына – 3 жыл: Алакөлге 4,8 млн. турист келді
Соңғы үш жылда Жетісу облысы Алакөл ауданына келген туристердің саны 4,8 миллионға жуық адамға жетіп, оларға 29,4 млрд. теңгенің қызметі көрсетілген, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың өзінде 51 жұмыс орны ашылған 17 туристік нысан іске қосылып, 2,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар 500 орындық 3 ірі туристік нысанның құрылысы жүргізілуде.
-...
Жастар және заң: Талдықорған прокуратурасы құқықтық сауаттылықты арттыруда
Кеше Талдықорған қаласында «Заң және тәртіп - сенің құқығың мен жауапкершілігің!» атты құқықтық кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты - жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту. Кездесуге Талдықорған қаласы прокурорының орынбасары Халықов Даурен Аскарұлы, бөлім прокурорлары Шыңғыс Рысбек пен Арайлым Қаулыбек, қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі Айдана Башчикулова, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің басшысы...
Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды
«БейнеХҚКО» сервисі мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін сұранысқа ие цифрлық арналардың бірі. Тек 2025 жылдың басынан бері сервис 25 676 рет қолданылды.
Сервис шалғай елді мекендерде немесе елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жұмысқа немесе отбасылық жағдайларға байланысты ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға арналған.
БейнеХҚКО арқылы сұранысқа ие қызметтер: бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, көп...
Жетісулықтар рекорд жаңартты
Домбыраның әр пернесі тарихтың қатпарлы сырларын ақтарады. Бұл асыл аспапта қазақтың болмысы, шежіресі, дүниетанымы жатыр. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет сынды күй дүлдүлдерінің мұрасы – халқымыздың ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан айрықша қолтаңбасы. Атадан балаға мирас болған ұлттық музыка өнерін насихаттау, қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында Ұлттық домбыра күні бекітілгені баршаға мәлім. Бұл мереке бүгінде елдік рухты...



























