36.6 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 17 июля, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй Жаңалықтар Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалуда

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалуда

79
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ақпараттық картасы әзірленіп жатыр. Бұл платформа елдегі колледждер туралы кешенді әрі өзекті деректерді бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта ұсынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«Бүгінде мұндай ақпарат тек жекелеген платформаларда немесе жергілікті атқарушы органдардың сайттарында ғана жинақталады. Жаңа карта ел бойынша барлық деректерді біріктіріп, уәкілетті органдар үшін де, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы құралға айналады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру картасының өзекті нұсқасы сайтта орналастырылған. Пилоттық жүйені іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз