-2.9 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 18 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 21

Жетісу облысында өндірілген өнімді өңдеу көлемі 68%-ға жетті

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 123 кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан бері 74,2 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді. Жалпы, өңірде өндірілген өнімді қайта өңдеу көлемі 68%-ға жетті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 500,0 мың гектар болған. Бұл ретте қант қызылшасын дамытуға...

Әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат жүргізілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының аға офицері майор Н.Жасұлан мен кіші сержант Д.Иманбаева Сарыөзек қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің 29108 және 12704 әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу тәртібі, қабылдау талаптары және келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру бағытында жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. ҚР ҰҚК Шекара...

Әскери борышын өтеген сарбаздарға грант сертификаттары табысталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті бастығы полковник М.Нарбаев Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Отан алдындағы мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған сарбаздарға «Сарбаз 2.0» әскери жобасы бойынша жоғары оқу орындарына грант сертификаттарын табыстады. Бұл мүмкіндік Мемлекет басшысының жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында іске асырылуда. Грант иесі атанған С.Жеңіс, Ә.Әбдірахаманов, О.Майнен, Е.Кенжебаев, Ә.Жаймағанбетовтер келер жылы М.Тынышбаев атындағы университеті,...

Сарбаздар Нұрдәулет Ақышпен кездесті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты шекара бөлімшелері мен Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің сарбаздары Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақышпен кездесті. Аталған шара ҚР Жазушылар Одағымен жасалған меморандум аясында жүзеге асырылды. Кездесу барысында жазушы сарбаздарға ұлттық рух, әдебиеттің адам санасын тәрбиелеудегі рөлі, туған жерге адалдық пен жауапкершілік...

Ашық есік күні өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының "Басқұншы" шекара бөлімшесінде Крылов орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларына арналған "Жас шекарашы" үйірмесінің ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызмет барысымен танысып, мемлекеттік шекараны күзетудің жауапты да мәртебелі міндетін өз көздерімен көрді. Әскери бөлімше өмірі, қызмет тәртібі, жауынгерлік дайындық және шекарашы мамандығының маңызы туралы ақпарат...

Үлкен Шыған ауылында үгіт-насихат кездесуі өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы ҚР ҰҚК Шекара академиясына үгіт-насихат жүргізу мақсатында Үлкен Шыған ауылының жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға Шекара академиясына түсу талаптары, әскери білімнің артықшылықтары, офицерлік мамандықтың мәні мен болашағы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сондай-ақ шекара қызметіндегі жауапты міндеттер мен қызметтік ерекшеліктер түсіндіріліп, оқушылардың қойған сұрақтарына...

«Басқұншы» шекара бөлімшесінде ашық сұрақ-жауап кеші өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде жеке құрам мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әскери қызметтің күнделікті тәртібі, әлеуметтік қолдау мәселелері, қызметтік міндеттемелер және бөлімшенің алдағы жоспарлары талқыланды. Отбасы мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұндай шаралар әскери қызметшілер мен олардың жақындарының арасындағы түсіністік...

Тұрғындармен кездесу өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы Алтыүй ауылының тұрғындары және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты - ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға үміткерлерді үгіт-насихаттау және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мүмкіндіктерін түсіндіру болды. Әскери қызметтің артықшылықтары, әлеуметтік қолдау шаралары, мансаптық өсу перспективасы мен Шекара академиясына түсу талаптары кеңінен түсіндірілді. Аталған іс-шара ауыл...

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Қорғас шекаралық бақылау басқармасында ұлы ғалым, ағартушы, тарихшы және географ Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында Ш.Уәлихановтың өмір жолы, зерттеушілік еңбектері, Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлкен үлесі жан-жақты баяндалды. Оның ерлігі мен елге сіңірген еңбегі, ғылымға адал көзқарасы әскери қызметшілерге үлгі ретінде...

Шекарашы ардагермен кездесу өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқан» шекара бөлімшесінде шекарашы ардагер, запастағы полковник Қазақпай Ертышбаевпен жеке құрамның қатысуымен мазмұнды сұхбат өтті. Кездесу барысында ардагер өз қызмет жолынан естеліктерімен бөлісіп, шекарашы мамандығының абыройы мен жауапкершілігін жастарға кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, қазіргі буын сарбаздарына ел шекарасын қорғауда табандылық, тәртіп пен адалдықтың маңызын ерекше атап өтті. Мұндай кездесулер...