“Жетісу” әйелдер командасы референдумға қатысты
Волейболдан еліміздің 9 дүркін чемпионы, Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы (2025 жыл), Қазақстан Суперкубогының 5 мәрте иегері «Жетісу» әйелдер командасы референдумға команда болып қатысып, Талдықорғандағы №429 сайлау учаскесінде дауыс берді.
– Келешек үшін әр саяси науқаннан қалыс қалмай, өз ойымызды айтып, таңдауымызды жасауымыз керек деп білемін. Бүгін жасалған іс – болашаққа деген нық қадам. Әр жас өз елінің ертеңі үшін алаңдап,...
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, Жетісу облысының бас ақыны Айтақын Бұлғақов референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
Белгілі өнер қайраткері ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға азаматтық жауапкершілікпен қарап, дауыс берудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың таңдауы — елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам.
Сондай-ақ ақын елдің бірлігі мен тұрақтылығы кез келген даму мен өркендеудің басты кепілі екенін атап өтті. Ол жас ұрпақты ел тағдырына бейжай қарамауға, қоғамдағы маңызды бастамаларға белсенді араласуға шақырды.
Өнер иесінің айтуынша, халықтың ауызбіршілігі...
Талдықорғанда Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов дауыс берді
Жетісу облысы бойынша жалғыз көзі тірі майдангер, ғасыр жасаған Ысқақ Құсайынов өз таңдауын жасап, үйінде дауыс беріп, азаматтық борышын орындады.
Қарт майдангер тек соғыс даласындағы ерлігімен ғана емес, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, ардақты ұстаз. Ысқақ ақсақал елде болып жатқан саяси науқаннан ешқашан қалып көрмегенін айтып, жастарға үлгі көрсетіп келеді.
Бүгінде Ысқақ атаның 3 перзентінен 18 немере, 19 шөбере, 2 шөпшегі...
Талдықорғанның ең қарт тұрғыны, ғасыр куәгері Исхан Оразбекова дауыс беріп, батасын берді
Бүгінгі референдумда тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері де белсенділік танытуда. Облыс орталығы Талдықорған қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, ғасыр куәгері Исхан Оразбекова отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасап дауыс берді.
Ұзақ ғұмырында ел тарихындағы талай кезеңнің куәсі болған қария бүгінгі бейбіт әрі тұрақты өмірдің қадірін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, дауыс бергеннен кейін жиналған жұртшылыққа ақ батасын беріп, елдің...
Әр дауыс – Қазақстан дамуына қосылған үлес
Бүгін біз мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды сәттің куәсі болып отырмыз. Мұндай жауапты кезеңдерде әр азаматтың жүрегінде туған елдің ертеңіне деген ерекше жауапкершілік сезімі оянады. Өйткені мемлекеттің болашағы – халықтың таңдауы мен азаматтық ұстанымының айнасы. Әр азаматтың таңдауы ортақ болашағымыздың қалыптасуына әсер ететін шешім.
Елдос Баялышбаев
Талдықорғанда «Туған Тель» татар этномәдени орталығының өкілдері дауыс берді
Облыс орталығы Талдықорғанда «Туған Тель» татар этномәдени орталығының өкілдері республикалық референдумға қатысып, Жаңа Конституцияның жаңа жобасын қабылдау бойынша өз таңдауларын жасады.
Орталық мүшелері бұл маңызды саяси науқанға белсенді қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай маңызды шешімдерге халықтың қатысуы елдің болашағын айқындауда үлкен рөл атқарады.
«Біз еліміздің дамуы мен болашағына бейжай қарамаймыз. Сондықтан бүгін келіп, өз...
Бүгін жасалған әрбір іс – болашаққа жасалған нық қадам
Бүгінгі күні әрбір азамат ел болашағына бейжай қарамауы тиіс. Сондықтан әрбір саяси науқаннан қалыс қалмай, өз ойымызды ашық айтып, саналы түрде таңдау жасауымыз қажет деп есептеймін. Өйткені бүгін жасалған әрбір іс – болашаққа жасалған нық қадам. Ал, бұл арқылы тұрақты даму мен жарқын болашақтың негізі қаланады.
Ләззат Садыкова
Мемлекет болашағына үлес қосуға мүмкіндік
Бүгін - референдум күні.
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты ретінде еліміз үшін маңызды осындай саяси оқиғаларға қатысуды азаматтық борышым деп санаймын. Референдум — әрқайсымызға мемлекетіміздің болашағына үлес қосуға, өз ұстанымымызды білдіруге және еліміздің одан әрі дамуы мен жаңаруын қолдауға мүмкіндік береді.
Азаматтардың белсенділігі, бейжай қарамауы және ел тағдырына деген жауапкершілігі — күшті әрі әділетті Қазақстанның берік негізі екеніне сенімдімін.
Руслан Валишанов
Ғасыр жасындағы ақсақал Нұрмахан Тазабеков референдумға қатысты
№138 сайлау учаскесінде 100 жасқа толған ақсақал, Нұрмахан Тазабеков саяси науқанда өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
1926 жылы Елтай ауылдық округіне қарасты Қаражиде ауылы дүниеге келген қария, Ата Заңның маңыздылығын терең түсініп, Референдумға бейжай қарамайтынын тілге тиек етті. Ақсақал тыл ардагері, ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.9 баладан 18 немере, 14 шөбере сүйген ақсақал қарттығына қарамастан еліміздегі...
Жарқын болашаққа үлес
Бүгін жаңа Конституцияны қолдап, дауыс беруге қатыстым.
Шетте қалмай, азаматтық борышымды орындау – әрбір саналы азаматтың міндеті деп санаймын.
Еліміздің болашағы, тұрақтылығы мен дамуы өз қолымызда. Сондықтан осындай маңызды сәттерде белсенділік танытып, өз таңдауымызды білдіру – келер ұрпақтың жарқын болашағына қосқан үлесіміз.
Бірлігіміз берік, еліміз аман болсын!
Ғабит Тұрсынбай





























