Жетісу облысы бойынша жалғыз көзі тірі майдангер, ғасыр жасаған Ысқақ Құсайынов өз таңдауын жасап, үйінде дауыс беріп, азаматтық борышын орындады.
Қарт майдангер тек соғыс даласындағы ерлігімен ғана емес, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, ардақты ұстаз. Ысқақ ақсақал елде болып жатқан саяси науқаннан ешқашан қалып көрмегенін айтып, жастарға үлгі көрсетіп келеді.
Бүгінде Ысқақ атаның 3 перзентінен 18 немере, 19 шөбере, 2 шөпшегі бар.
Дауыс бергеннен кейін Ысқақ Құсайынов ақ батасын беріп, елдің амандығы мен бірлігін тіледі:
«Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын. Жастарымыз елін сүйіп, халқына қызмет етсін» – деді майдангер.





























