Жетісу облысында 25 мың гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз ету үшін каналдарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірдің су шаруашылығы нысандарының жай-күйімен және олардың жұмысымен, сондай-ақ бірқатар ірі жобаның іске асу барысымен танысты.
Көксу ауданында ведомство басшысы Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ирригациялық және дренаждық жүйелерді реконструкциялау жобасын тексерді. Оның бірінші кезеңінде жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын 9 канал жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстар...
ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР – БАЛАЛАР ЖЕҢІСІНІҢ БАСТАУЫ
Жетісу облысында өткен «Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жігері мен табандылығын көрсеткен маңызды әлеуметтік жоба болды.
Фестиваль аясында жарыстар бочча, жеңіл атлетика және көңілді старттар бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Оған 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары қатысып, спорт арқылы өз қабілетін дәлелдеп, өз-өзіне сенудің нағыз үлгісін көрсетті. Бұл жарыс тек медаль үшін...
Әскери борышын өтеген сарбазға жоғары білім алу сертификаты табысталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әскери қызметін абыроймен өтеген Текелі қаласының тұрғыны Сергей Неродаға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Алматы технология университетінің электротехника және автоматтандыру факультетінде тегін білім алу сертификатын табыс етті.
Бұл мүмкіндік Мемлекет басшысының жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында іске асырылған «Срочник 2.0» жобасы аясында берілді. Сергей...
Оқушыларға әскери мамандықты насихаттау мақсатында кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы Панфилов ауданының Үшарал, Сүптай, Шежін және Надек ауылдарының орта мектептерінің 10–11 сынып оқушыларымен «Оқушыларды жоғарғы әскери оқу орындарына түсу» тақырыбында кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға әскери қызметтің маңызы, ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу талаптары мен әскери өмірдің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді.
ҚР ҰҚК Шекара...
Шекарашы облыстық байқауда үздіктер қатарынан көрінді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының қатардағы жауынгері А.Андреев Талдықорған қаласында Жетісу облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауда үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістік - жас сарбаздың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі мен жоғары ынтасының айғағы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Шекарашы облыстық байқауда жүлдегер атанды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының ефрейторы Х.Саутов Талдықорған қаласында Жетісу облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауда III орын иеленді.
Бұл жетістік – шекарашылардың мемлекеттік тілге деген құрметі мен тіл мәдениетін дамыту жолындағы еңбегінің нәтижесі болып табылады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Шекарашылар «Ұлттық диктант» жобасына қатысты
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында «Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлттық диктант» жобасына қатысты.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қызметшілердің сауаттылығын нығайту және тіл мәдениетін насихаттау болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Жоғары сынып оқушыларымен кездесті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Б.Нарынбаев пен ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары «Басқұншы» ауылының «Крылов» орта мектебінің 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары, әскери мамандықтардың маңызы мен болашағы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, курсанттар...
Полиция инспекторымен кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Лепсі» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Лепсі ауылының полиция инспекторы, капитан Ж.Дүйсембиновпен кездесу өтті.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру туралы айтылды. Сонымен қатар, қоғамдағы тәртіп сақтау ережелеріне тоқталып, азаматтардың құқықтық жауапкершілігі жөнінде сөз қозғады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
«Елтінді батыр» мектебінде әскери жоғары оқу орындарына түсу жөнінде кәсіптік бағдар сағаты өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Б.Нарынбаевң Алмалы ауылының «Елтінді батыр» орта мектебінің 10–11 сынып оқушыларымен «Оқушыларды жоғары әскери оқу орындарына түсу» тақырыбында кәсіптік бағдар беру сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға әскери мамандықтардың ерекшеліктері, әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ лейтенант Б.Нарынбаев шекарашылардың...





























