15.2 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 26 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 159

500 жұмысшы мен еңбеккер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды

Өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі, агроөнеркәсіп кешенін және тау-кен өндіру саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені: Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КС механизаторы Қаражұманов Мұрат Кеңесұлына; Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ КД «Шахтинская» шахтасы учаскесінің бастығы Чернобай Сергей Петровичке тапсырылды.

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында сегіз жаңа медициналық нысан ашылды

Мемлекет басшысының ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін нығайту шаралары қабылдануда. Осы жұмыс аясында өңір аудандарында сегіз медициналық нысан ашылды, олар – елге қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған ФАП, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория. Өңірде барлығы 18 жоба жүзеге асырылуда. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд...

Балабақшаларда «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылады

Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында 2025–2026 оқу жылында «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылуда. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды. Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді...

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды. Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді. Өтініш жіберілгеннен...

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

Жетісу облысында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды. Бүгін Республика күні қарсаңында «Үшарал» автоматты газ тарату станциясында салтанатты іс-шара өтіп, онда жоба аясындағы алты автоматты газ тарату станциясында (АГТС) бір мезгілде көгілдір отын алауы жағылды. Бұл инвестициялық жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз...

Елде «Republic Day» акциясы басталды: Республика күніне орай мыңдаған тауарға жеңілдіктер

Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты. 24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда...

Жетісу облысында дінтанушылар мен діни ұйымдар жетекшілерінің республикалық форумы өтті

Жетісу облысында дінтанушылар мен діни бірлестіктер жетекшілерінің "Рухани келісім жолы: съезд идеясын жүзеге асыру" атты республикалық форумы өтті. Форум  мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектор өкілдерінің басын қосты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғанда облыстық дін істері басқармасы мен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімінің орынбасары...

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

Бүгін Жетісу облысында Республика күнінің қарсаңында «Қайнар-АКБ» зауытының жаңа өндірістік желісі іске қосылды. Мұнда резервте электр қуатын беруге арналған аккумулятор батареялары өндіріледі, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  Зауыт ұжымын қуанышты сәтпен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады:   -  Жаңа жоба облыс экономикасын дамытуға, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға ықпал етеді деп сенеміз. Бұрын автокөлік аккумуляторлары «Қайнар» зауытының танымал бренді...