Шекарашылар Республика күнін спорттық серпінмен атап өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты радиотехникалық бақылау пунктінде Республика күнін мерекелеу аясында он шақырымдық кросс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты - әскери қызметшілер арасында жолдастық ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Батыр Әлияның ерлігі — өскелең ұрпаққа үлгі
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінде Қорғас орта мектебінің оқушыларымен бірге Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Шара барысында қаһарман қыздың Отан үшін жанын пида еткен ерлігі мен қайсарлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, өскелең жас буынға патриоттық тәрбие беріліп, елге деген сүйіспеншілік сезімі нығайтылды.
ҚР...
Болашақ шекарашылар Әлия Молдағұлова ерлігімен танысты
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары батыр Ә.Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай бір күндік танымдық сапар жасады.
Сапар барысында оқушылар шекарашылардың жауынгерлік қызметімен және бөлімшенің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Ә.Молдағұлованың қаһармандық өмір жолы, елге деген адалдығы мен қайсарлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, жас буынның бойында патриоттық...
Шекарашылар мен ауыл тұрғындары Республика күнін бірге атап өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Сарқан шекара бөлімінің Екіаша және Басқан шекара бөлімшелерінің жеке құрамы Екіаша ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Шараға Екіаша ауылдық округінің әкімі, ауыл тұрғындары және шекара бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Мерекелік басқосу елдік мейрамның маңызын айқындап, әскери қызметшілер...
Шекара қызметін таныстыру — жас ұрпаққа бағыт
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты "Қорғас" шекаралық бақылау басқармасы "Алтынкөл" (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімінде Пиджим орта мектебінің "Шекарашылардың жас достары" үйірмесінің мүшелері үшін "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.
Оқушылар шекарашылардың қызметімен танысып, әскери-техникалық жабдықтарды көріп, жауынгерлік даярлыққа арналған оқу-жаттығу бөлмелерін аралады. Шара жасөспірімдердің Отан қорғау ісіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Батыр қыз рухына тағзым
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты "Қорғас" шекаралық бақылау басқармасында қазақтың батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Шара барысында ержүрек батырдың өмірі мен ерлігі туралы деректер айтылып, шекарашылар батырыдың Отан алдындағы борышты адал атқарған қызметін үлгі тұтты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
«Қорғас» шекарашылары арасында алдын алу шарасы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының Шекара маңы ынтымақтастығы «Қорғас» шекаралық бақылау бөлімшесінде жеке құраммен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған шара ұйымдастырылды.
Шара барысында әскери қызметшілерге тәртіпті сақтау, құқықбұзушылыққа жол бермеу және жауапкершілікті арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Жол қозғалысы ережелерін сақтауға арналған шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты "Қорғас" шекаралық бақылау басқармасының “Алтынкөл” (теміржол) шекаралық бақылау бөлімшесінде жеке құраммен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында әскери қызметшілерге жол қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тәртіпті сақтау - қызметтік міндеттерді абыроймен орындаудың бір бөлігі екені атап өтілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Балалар аллеясында Республика күніне арналған концерт өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының балаларға арналған аллеясында Жаркент қаласы Алтыүй ауылының орта мектеп оқушыларының қатысуымен Республика күні мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, би және поэзиялық қойылымдар көрсетті. Жеке құрам мен ауыл тұрғындары жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, ерекше мерекелік көңіл-күй қалыптасты.
Бұл шара жастарды елжандылыққа тәрбиелеу...
Жетісуда шекаралық аудандарды электрмен сенімді жабдықтау мақсатында ауқымды жобалар іске асырыла бастады
Жетісу облысында шекаралық аймақтар – Алакөл және Панфилов аудандарын электрмен сенімді жабдықтау мақсатында жоғары вольтты әуе желілері мен қосалқы станцияларды салу бойынша ауқымды жобаларды іске асыру басталды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бірінші кезеңде биыл «Ақши» қосалқы станциясы мен ұзындығы 56,8 шақырым 110 кВ электр желісі салынды. Соның нәтижесінде жазғы шомылу маусымында энергиямен жабдықтауда үзіліс болған жоқ....





























