Шекарашылар референдумда өз таңдауларын жасады
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы белгіленген референдум учаскелерінде дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Ел шебін күзетіп жүрген әскери қызметкерлер де маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өздерінің азаматтық борыштарын орындады. Ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Шекарашылар мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, елдегі қоғамдық-саяси өмірге де белсенді қатысып келеді. Ұжым болып дауыс беру...
Көрісу күні мен Қайырымдылық күніне арналған іс-шара өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әйелдер кеңесінің бастамасымен Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясында 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) және 15 наурыз – Қайырымдылық күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және қайырымдылық пен өзара сыйластықты насихаттау болды. Кездесу барысында қатысушылар амандасу дәстүрін жаңғыртып, ізгілік пен...
Марапаттау рәсімі өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында департаменттің әйелдер кеңесі ұйымдастырған «Жетісу аруы» және «Анаға сыйлық» атты балалар сурет байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларға алғыс хаттарды және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Мемлекет басшысы: «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі»
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты.
🟦Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.
– Азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің, патриотизмнің, Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсетті...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты
🟦«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады.
– Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның...
«Жастар Рухы» Жастар қанаты
Кездесуде «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова, креативті индустрия өкілі, кәсіпкер Камиль Байрамов, белсенді жастар Ержан Хамитов пен Нұрбол Серікбай сөз сөйледі.
✔️Жастар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқанын жеткізді. Сондай-ақ елімізде қолға алынған өзгерістердің барлығын қолдайтынын айтты.
Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті.
✔️Президент бүгін тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.
– Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп...
16 наурыз – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
16 марта – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ.
Қазақстанда Наурызнаманың үшінші күні мәдениет, өнер мен ұлттық құндылықтарға арналады. Бұл мереке қазақ халқының ұлттық мұралары мен салт-дәстүрін сақтауға бағытталған. Мәдениетті сақтаудың, оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын ұғындырады.
Ашық дереккөздердегі ақпараттар бойынша дайындалды.
Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі:
«Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер – 86,7%.
Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.
Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.
Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты.
Еxit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берді. Жалпы 75,3% адам қатысты.
t.me/tv24kz_kaz/55434
Жетісуда «Наурыз FEST» өтіп жатыр
Биыл 13–23 наурыз аралығында республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Наурыз FEST» акциясы Наурызнама онкүндігінің аясында Жетісу облысында да кең ауқымда өтуде. Бұл бастама халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, отандық өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Республикалық акцияға өңірдегі ірі сауда желілері мен сауда...





























