ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әйелдер кеңесінің бастамасымен Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясында 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) және 15 наурыз – Қайырымдылық күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және қайырымдылық пен өзара сыйластықты насихаттау болды. Кездесу барысында қатысушылар амандасу дәстүрін жаңғыртып, ізгілік пен бірлікке негізделген мерекелік көңіл күй қалыптастырды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























