Шекарашылар референдумда өз таңдауларын жасады

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы белгіленген референдум учаскелерінде дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

Ел шебін күзетіп жүрген әскери қызметкерлер де маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өздерінің азаматтық борыштарын орындады. Ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Шекарашылар мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, елдегі қоғамдық-саяси өмірге де белсенді қатысып келеді. Ұжым болып дауыс беру олардың ұйымшылдығы мен елге деген адалдығын айқын көрсетеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз