Ұлттық киім күні: Жетісуда Наурызға арналған көрме мен фестиваль өткізіліп, арнайы фотоаймақ ұйымдастырылды
Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында ұлттық киім көрмесі, фестиваль, кітап көрмесі мен челлендждер және арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы күні бірқатар жетісулық қолөнершілер марапатталды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорған қаласындағы Арбат жаяу жүргіншілер аймағы Наурыз мерекесі мен оның символдарына арналған үлкен фотоаймаққа айналды. Ерекше атмосфераны бүркітшілер, тазы өсірушілер, батырлар мен ұлттық нақыштағы әсем киім киген...
«ECO KERUEN»: Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «ECO KERUEN» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара адам көп жиналатын орындарда өткізіліп, жастар мен өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Акция Талдықорған қаласында бастау алды. Арнайы безендірілген эко-керуен қаланың негізгі көшелерімен өтіп, тұрғындардың назарын табиғатты қорғау және қалдықтарды дұрыс пайдалану мәселелеріне аударды. Керуеннің...
Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды
Бүгін Наурызнама онкүндігіне орай Шаңырақ күні аясында Талдықорғанда 40 –тан астам тұрғын үйлі болды. Оларға жаңа пәтер кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы кілт тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты міндеттердің бірі екенін атап өтті:
- Президенттің бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ұстанымы да сол - адамға...
2026 жылы генеративті контент технологиялық эксперименттер санатынан біржола шығып, құқықтық реттеу нысанына айналды
Егер бұрын нейрожелі көмегімен жасалған кескіндер мен бейнелер зиянсыз цифрлық құрал ретінде қабылданса, бүгінде олар ақпараттық қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады.
Мемлекеттер жекелеген ескертулер беруден мұндай контентті жасау мен таратудың нақты ережелерін бекітуге көшуде.
Әлем елдері таңбаланбаған немесе адастырушы ЖИ-контентке мүлдем төзбеушілік танытуда:
Үндістан: Премьер-министр Модидің дипфейгін жасағаны үшін қамауға алу.
АҚШ: «Синтетикалық адамды» таңбалаусыз пайдаланғаны үшін жарнама агенттігіне $5,000 айыппұл салынды.
Түркия: Министрдің жалған...
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінде Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы проблемалық мәселелер қаралды. Атап айтқанда, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды жеткізушілерді таңдау кезіндегі үлгілік конкурстық құжаттамада көзделген жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі бойынша бағалау критерийі...
ЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІМДІ ДӘРІПТЕДІ
Наурызнаманың 10 күндігі аясындағы «Ұлттық киім» күнін жол саласының қызметкерлері де атап өтті. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің Жетісу облысындағы филиалында 11 адам еңбек етеді. Олар бүгіннен бастап жұмысқа қазақы шапан, оюмен өрнектелген камзол киіп келеді. Әз-Наурыз мерекесі аяқталғанға дейін ұлттық киімімізді насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптейді. Осылайша тұтас республика көлемінде бастау алған үрдіске өз үлестерін қосады.
-Наурыз мерекесі біз үшін...
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституцияның қабылдануы құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, елдігіміздің тірегі болатынын атап өтті.
«Құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, заң көмегін алу құқығына және дербес деректердің қорғалуына кепілдік беру негізгі заң деңгейінде бекітіліп отыр.
Президент атап өткендей, жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, Егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің тұғыры болады.
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті.
Бүгінде жаһан...
Жетісудағы «Digital Nauryz»: ЖИ көмегімен тұрғындар өздерін қазақ батырларының бейнесінде көре алды
«Digital Nauryz» аясында Жетісу облысында AI Nauryz атты ашық қалалық алаң ұйымдастырылды. Бұл алаңда облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтары жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысып, заманауи цифрлық құралдарды интерактивті форматта пайдаланып көрді. Іс-шараның басты ерекшелігі – әр келушіге ұлттық стильде жеке портретін жасау мүмкіндігі жасалды: ер азаматтар өздерін айбынды қазақ батырларының бейнесінде елестетсе, әйелдер жасанды интеллект арқылы жасалған көркем ұлттық...
18 наурыз – Ұлттық киім күні
Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі өзінің қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Оның мәні сәннің аясынан әлдеқайда кең, өйткені ол – ұлттың рухани коды, тарихи жады мен танымының көрінісі.
Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар пайдаланылды.
Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім үлгілері халықтың өмір салтымен, табиғатпен байланысымен және дүниені қабылдау ерекшелігімен тығыз сабақтас.
Бүгінде ұлттық киімнің маңызы жаңа...





























