ЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІМДІ ДӘРІПТЕДІ

4

Наурызнаманың 10 күндігі аясындағы «Ұлттық киім» күнін жол саласының қызметкерлері де атап өтті. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің Жетісу облысындағы филиалында 11 адам еңбек етеді. Олар бүгіннен бастап жұмысқа қазақы шапан, оюмен өрнектелген камзол киіп келеді. Әз-Наурыз мерекесі аяқталғанға дейін ұлттық киімімізді насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптейді. Осылайша тұтас республика көлемінде бастау алған үрдіске өз үлестерін қосады.

-Наурыз мерекесі біз үшін ең ұлы мерекелердің бірі. Осы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық киімдерімізді киіп және де ұлттық тамақтарымыз Наурыз көже пісіріп, ұлттық ойындарымызды ойнап қызметкерлермен атап өтеміз,- дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Жәнібек Біржанұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз