ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

4

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінде Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы проблемалық мәселелер қаралды. Атап айтқанда, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды жеткізушілерді таңдау кезіндегі үлгілік конкурстық құжаттамада көзделген жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі бойынша бағалау критерийі талқыланды.

Кеңес қатысушылары бұл критерий конкурстық рәсімдерге қатысу үшін белгілі бір кедергілер тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Ұзақ кезең ішіндегі жұмыс тәжірибесін есепке алу әлеуетті қатысушылар тобын тарылтады, жаңа компаниялар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің нарыққа шығуын шектейді, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жеткізушілердің позициясын нығайтуы мүмкін.

Осыған байланысты, Кеңес мүшелері білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру қызметтері нарығында бәсекелестікті күшейту мақсатында жұмыс тәжірибесін есепке алу мерзімін қысқарту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жолдау және бұл мәселені Кедергілер жөніндегі республикалық кеңестің картасына енгізу туралы шешім қабылдады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз