20.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 5 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 13

Жаңа Конституцияны қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру деген сөз

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Конституцияны қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру деген сөз. Бұл – дұрыс пен бұрысты тани білетін, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата алатын, кемеліне жеткен жұрттың ғана қолынан келетін іс. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр нормасы, әр тармағы Тәуелсіздігімізді нығайта түседі. Әділдік қағидаты бас құжаттың өзегіне айналды. Сондықтан жаңа Ата заңды Әділетті Қазақстанның төлқұжаты десек, қателеспейміз. Мен...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.

Жаңа Конституция – мемлекеттің жаңғыру жолындағы маңызды белесі

Күні кеше өткен референдум Қазақстан халқының өз болашағына деген жоғары жауапкершілігі мен саяси кемелдігін айқын көрсеткен маңызды тарихи оқиға болды. Референдумның ашықтығы мен әділдігін, оның халықаралық демократиялық қағидаттар мен ұлттық заңнама талаптарына толық сай өткенін барлық сарапшылар ерекше атап өтуде. Бұл саяси науқан азаматтардың өз ойын, пікірін еркін білдіруіне кең мүмкіндік беріп, қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайта түсті. Халықтың...

«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады

Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумның сәтті өтуіне орай Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны өтті. Депутаттар дауыс беру нәтижесі азаматтардың тарихи таңдауына айналғанын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытына деген қоғамның кең қолдауын растағанын атап өтті. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс режимі арқылы өңірлік мәслихаттардағы партия фракциялары да қатысты.   Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтардың басым көпшілігі жаңа Конституцияны қолдағанын атап...

«Ауыл» партиясы референдум қорытындысын қолдау туралы мәлімдеме жасады

«Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің Президиумы жаңа Конституция бойынша өткен жалпыхалықтық референдум қорытындысын қолдау туралы арнайы мәлімдеме жасады. Партия басшылығы 15 наурызда өткен референдумның ашықтығы мен әділдігін, оның халықаралық демократиялық принциптер мен ұлттық заңнамаға толық сай өткенін ерекше атап өтті. Мәлімдемеде көрсетілгендей, бұл тарихи қадам мемлекетіміздің жаңғыру жолындағы маңызды белесі болып табылады және қоғамдағы демократиялық құндылықтарды нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға...

17 наурыз – Шаңырақ күні

Қазақ дәстүрінде шаңырак киелі саналады. Бұл аспан күмбезі, үй, тірек, ырыс, қорғаныш, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан сабақтастық әрі материалдық және рухани мұра, сол сияқты отбасы беріктігі мен тек жалғастығының символы. Сондықтан бұл күн жас ұрпақты патриоттық, ізгілік, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыруды паш етеді.  Шаңырақ ең алдымен отбасымен байланыстырылады, сондықтан да қазақтар жаңа отау құрылғанда жас шаңырақтың киіз...

Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты. «Конституция - елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі. Оның басты қағидасы - билік халықтың қолында. Сондықтан мемлекеттің болашағын халық анықтайды. Бұл -демократиялық қоғамның негізгі принципі», -деді Шайназаров. Ол Қазақстанда референдумға дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Халықаралық бақылаушының сөзінше, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера сезіліп, азаматтар...

Наурызнама – 2026: Жетісуда Наурыздың цифрлы образы жасалуда

Бүгін Наурызнама аясындағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде Жетісу облысында өңірдегі мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер, шеберлік сағаттары, шығармашылық кештер ұйымдастырылды. Мектептерде патриоттық кинолар көрсетілді, «Наурыз – жыл басы» сынып сағаттары өткізілді. Сондай-ақ Jetisu Digital ІТ-хабы базасында дизайнерлерге, студенттерге, жалпы цифрлық дизайнға қызығатын жандарға арналған Figma Contest шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жастарды Наурыздың заманауи визуалды образын жасауға...

Бектенов: Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасап, Президенттің ауқымды реформаларына қолдау білдірді

⚜️ Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді. Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық. Президентіміз  атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп,...