Жаңа Конституция – мемлекеттің жаңғыру жолындағы маңызды белесі

5

Күні кеше өткен референдум Қазақстан халқының өз болашағына деген жоғары жауапкершілігі мен саяси кемелдігін айқын көрсеткен маңызды тарихи оқиға болды. Референдумның ашықтығы мен әділдігін, оның халықаралық демократиялық қағидаттар мен ұлттық заңнама талаптарына толық сай өткенін барлық сарапшылар ерекше атап өтуде. Бұл саяси науқан азаматтардың өз ойын, пікірін еркін білдіруіне кең мүмкіндік беріп, қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайта түсті. Халықтың белсенді қатысуы ел дамуына бейжай қарамайтын, саналы әрі жауапты қоғам қалыптасуда екенін дәлелдейді. Аталмыш тарихи қадам мемлекетіміздің жаңғыру жолындағы маңызды белесі ретінде бағаланады. Ол демократиялық институттарды жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа қабылданған Конституция елдің тұрақты дамуына берік негіз қалап, еліміздің бүгіні мен болашағына қалтқысыз қызмет ететініне сенім мол. Бұл құжат әділетті, ашық әрі өркениетті қоғам құру жолындағы маңызды бағдаршам болмақ.

Керімбеков Ақшабай Дүйсенбекұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз