«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда
2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.
«Jas Keñes Sıylığı» – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда белсенді жас мамандарға табысталады.
Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға...
Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды
Литвада өткен География пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды.
Алтын медальді еліміздің қоржынына Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы — Дарын Бекбол иеленді. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанды.
Заңгер әулет
Әлімсақтан қазекем ұрпақ сабақтастығына, қан-тек-ұрпақ, яки ата-әке-бала үштігінің көзге көрінбес рухани байланысына, ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген. Содан «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тәмсілі шықса керек. Ұлы далада дүбір туғызған жұрттың «балам бақытты, ұрпағым ұлағатты болсын» деген тілеуінің астарында үлкен мән бар. Көне дүние күмбіріндей бүгінге дейін жеткен «балам – болашағым» ұлт танымы да талай түйінді...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Астана күні құтты болсын!
Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.
Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады,...
6 шілде – Астана күні. Армандар орындалған қала
Тарихқа көз жүгіртсек, 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы" қаулы қабылдады.
Елорданы Алматыдан басқа қалаға көшіру туралы шешімнің бірнеше себебі бар еді. Соның ішінде Қазақстанның оңтүстік шекарасында орналасқан Алматының өнеркәсіп орталықтарынан шалғай орналасуы ықпал етті. Ақмола облыстардың ішінде алдыңғы қатарда болды. Сонымен қатар бұрынғы астананы одан әрі кеңейту мүмкіндігі аз болды, ал Ақмоланың...
Бас қаламыз гүлденіп, көркейе берсін!
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Астана күніне арналған құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!
Астана Қазақстанның геостратегиялық орталығы ретінде мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындауда, еліміздің орнықты дамуы мен қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді жаңа сапаға көтеруде негізгі бастамашы болып отыр.
Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, елордамызды жаңа Қазақстанның символы деуге болады. Сарыарқа төсінде бой түзеген кіндік қала бүгінде Отанымыздың қаржылық-экономикалық, рухани-мәдени...
Ғасыр үнімен үндескен домбыра
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Қорғас шекаралық бақылау басқармасында Ұлттық домбыра күніне арналған тақырыптық-танымдық іс-шара өтті.
Шараға басқармадағы мерзімді әскери қызметшілер мен офицерлер қатысып, ұлттық аспап - домбыраның тарихи мәні, оның қазақ халқының рухани мұрасындағы орны жайында мазмұнды ақпараттар тыңдады. Сондай-ақ, кеш барысында сарбаздар домбырамен күй тартып, ұлттық әндер орындап, жыр-терме айтты.
Мұндай іс-шаралар сарбаздар арасында патриоттық сезімді...
Панфиловтық шекарашылар Ұлттық домбыра күніне атсалысты
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты әскери ұжымдарда Ұлттық домбыра күніне арналған тәрбиелік-мәдени шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға мерзімді әскери қызметшілер мен офицерлік құрам белсене қатысты. Бағдарлама аясында жауынгерлерге қазақ халқының киелі аспабы - домбыраның шығу тарихы, ұлттық өнердегі орны және тәуелсіздік пен елдік идеясын ұрпаққа жеткізудегі рөлі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар,...
Домбыра — ұлттың үні
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқұншы» шекара бөлімшесінде, Басқұншы ауылы Крылов атындағы орта мектептің домбыра үйірмесінің оқушыларымен бірлесіп, Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – Ұлттың үні» атты тақырыптық кеш өтті. Кеш барысында Домбыраның шығу тарихы , ұлы күйшілер туралы ақпараттар жеткізілді.
...
Ұлттық домбыра күні аталып өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Достық» шекара бөлімінде Ұлттық домбыра күніне арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Шараға мерзімді әскери қызметшілер, офицерлік құрам және тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі бөлімшелердің өкілдері қатысты. Кеш барысында сарбаздар қазақ халқының ұлттық мұрасы - домбыраның шығу тарихы мен рухани маңызы жайлы тың деректермен танысты. Сонымен қатар, шекарашылар...




























