Кәсіби шеберлік сабағы өтті

4

Шинкиокушинкай каратэ облыстық федерациясының спорттық залында ерекше маңызға ие іс-шара өтті. Атап айтқанда, Облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ мүшелеріне арналып, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Шинкиокушинкай каратэ федерациясының төрайымы Бетирова Зайна Махмутовна жетекшілік еткен кәсіби мастер-класс ұйымдастырылды.

Мастер-класс сағат 10:30-да басталып, қатысушыларға жоғары деңгейдегі жаттығу процесін сезінуге, шеберлік шыңына жету жолын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Зайна Махмутовна өзінің көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, каратэ өнерінің техникасы, төзімділік, тәртіп және жекпе-жек мәдениетінің негізгі қағидаларын жан-жақты түсіндірді. Іс-шараның мақсаты:
Жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру;
Салауатты өмір салтын насихаттау;
Жан-жақты дамыған, тәртіпті және белсенді жастарды қалыптастыру;
Көшбасшылық қасиеттер мен қоғамдық жауапкершілікті дамыту. Мастер-класс барысында қатысушылар бірқатар практикалық жаттығулар орындап, базалық және күрделі техника элементтерін меңгерді. Жаттығулар жастардың физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, ерік-жігерін шыңдап, өз-өзін басқару дағдыларын жетілдіруге зор ықпал етті. Бұл шара өңір жастарының спорттық белсенділігін арттыруға, салауатты, мақсаткер тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз