Бейбіт Исабаев Ақсу ауданында салынған жолдардың сапасына айрықша мән беруді тапсырды

Жетісу облысының Ақсу ауданында тұрғындар өтінішіне орай Алтынарық ауылына кіреберіс 3,2 шақырым жолға және 22 шақырымдық «Ақсу — Жаңалық» автожолына асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын, абаттандыру жұмыстары келесі жылы бітеді. Осыған байланысты аудан тұрғындарымен кездесуде Бейбіт Исабаев аудан әкіміне тиісті басқармамен бірлесіп, салынып жатқан жолдардың сапасына және жөндеудің дер кезінде  аяқталуына ерекше мән беріп, кемшіліктерді түзеуді тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, аудан бойынша осы жылы жергілікті маңызы бар 57 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға қаржы бөлінген.

Облыстық маңызы бар Егінсу ауылына кіреберіс автожолы мен «Алматы-Өскемен» тас жолынан Қапал ауылына апаратын 26 шақырым жол бөлігі жөндеуден өтті.

Сонымен қатар 7 елді мекеннің 16 көшесіне және Қызылжар, Есеболатов ауылдарының кіреберіс жолдарына  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Жұмабай Мұсабеков,

сол сияқты фотосуреттерді Ақсу ауданының әкімдігі ұсынды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз