Диалог пен келісім алаңы
Халықтың еркін білдіретін және мемлекеттегі негізгі заң шығарушы билікті жүзеге асыратын органы – Парламент қоғамдағы әділеттілік пен құқықтық тәртіпті сақтауда шешуші рөл атқаратындығы анық. Парламент заңдарды қабылдау арқылы азаматтардың құқықтарын қорғайды, мемлекет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Парламент – диалог пен келісім алаңы.
Қазақстан Республикасының Парламенті – қос палаталы орган. Сенат пен Мәжіліс заң шығару процесін жүзеге асырады. Бұл құрылым аймақтардың...
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық қадам
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда елдің жаңа даму бағытын айқындады. Президенттің айтуынша, заманауи мемлекет тиімді де ашық болуы үшін цифрлық шешімдерге сүйенуі қажет. Бұл – уақыт талабы, өркениетті елдер қатарына қосылудың нақты жолы.
Ендігі ретте мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы қағазбастылықпен емес, нақты дерек пен талдауға негізделеді. Әрбір мемлекеттік шешімнің артында статистикалық, әлеуметтік және экономикалық деректердің дәлдігі тұрады. Қазақстан да осы жолмен жүріп,...
МКК 2025 жылдың үздік кеден бекеттерін атады
Мемлекеттік кірістер комитеті «Үздік кеден бекеті» акциясының қорытындыларын шығарды. Бағалау негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша жүргізілді: бақылау мерзімдері, рәсімдеудің жеделдігі, жұмыстың сапасы мен ашықтығы.
Жыл жеңімпаздары:
✈ Үздік авиациялық бекет — «Жетісу»
🚆 Үздік теміржол бекеті — «Алтынкөл»
🚗 Үздік автомобильдік бекет — «Алакөл»
🏢 Үздік ішкі бекет — «Өскемен ЦТО»
Негізгі номинациялардан бөлек, цифрлық шешімдер, инновациялар, сервис және әлеуметтік жобаларға қосқан үлесі үшін арнайы жетістіктер...
Үздік ас мәзірі
Төл өнім – тек нарықтағы тауар емес, ұлттық болмыстың, мәдениеттің және экономиканың ажырамас бөлігі. Оның құндылығы тек сапасы мен ерекшелігінде ғана емес, сонымен қатар, тарихында, халықтың өмір салтымен байланысында жатыр. Оны қолдау – ұлттық экономиканы дамытуға, мәдениетті сақтауға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға үлес қосатын маңызды міндет. Бұл үшін мемлекеттік қолдаумен қатар жеке кәсіпкерлердің, азаматтардың белсенділігі және тұтынушылардың саналы таңдауы қажет.
Бұл...
Қазақстандықтар нақты өзгерістер деп нені санайды? Тәуелсіздік күні қарсаңындағы ой-толғамдар
Айгүл Забирова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
бас ғылыми қызметкері
Тәуелсіздік жылдары бізге өткен сабақтарды ой елегінен өткізіп, бүгінгі өмірдегі өзгерістерді саралауға негіз береді. ҚСЗИ-дің жаңа зерттеулері қазақстандықтардың реформаларды күнделікті тұрмысқа, отбасы мен балаға бағытталған нақты қадамдар арқылы қабылдайтынын айқындап отыр. Бұл – жүйелі өзгерістердің өмірдегі маңызды ұсақ бөлшектерден басталатынын көрсететін мысал.
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен жылдарға көз жүгірте отырып, біз кез келген кемелденген мемлекеттің өзіне қоятын...
Жетісудың Ақсу ауданында орталық стадион салынады
Жетісу облысының Жансүгіров ауылында саябақ аумағында орталық стадион салынады. Осылайша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында саябақтың бір бөлігі демалыс орны, екінші бөлігі жастар үшін спорттық стадион болмақ. Бұл туралы Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы өз сөзінде Жансүгіров ауылындағы орталық саябақтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан шағым болғанын...
Ақпараттық хабарлама
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен қазақстандықтарды телефон алаяқтарының әрекеттерінен қорғауды күшейту бойынша шаралар қабылдауда.
Бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге кіру бір реттік код арқылы ғана жүргізілді. Салдарынан алаяқтар айласын асырды, «жәбірленушінің» телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіп отырды.
Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін қолжетімділік...
2025 ЖЫЛЫ ДӘРІГЕРЛЕР ФЕТАЛДЫҚ ХИРУРГИЯНЫҢ АРҚАСЫНДА 105 БОЛАШАҚ НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ
Ағымдағы жылы Қазақстан жүкті әйелдерге мамандандырылған көмектің қолжетімділігін кеңейтті және туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау жүйесін күшейтті. 18 перинаталдық орталықтың базасында «Бір күндік клиникалар» жұмыс істейді, онда 100 мыңға жуық жүкті әйел бір реттік келу шеңберінде зерттеп-қарауларды қоса алғанда, 500 мыңнан астам қызмет алды.
Бағдарламаны іске асыру ұрықтың туа біткен кемістіктерін анықтаудың 13%-ға өсуіне, пренаталдық скринингтермен қамтудың 8%-ға ұлғаюына,...
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЭНДАУМЕНТ ҚОРЫНА САЛҒАН ҮЛЕСІ 100 ЕСЕ ӨСТІ
10 желтоқсан күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті. Құрылтайға ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Желдібай Руслан Сұлтанұлы, ҚР Парламент депутаттары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшылары және Орталық кеңес мүшелері, қор демеушілері, өңірлік филиал төрағалары мен делегаттар қатысты.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы 2025 жылға арналған іс-қимыл жоспары аясында атқарылған жұмыстарды таныстырды. Соңғы үш...





























