Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз.
Осыдан екі жыл бұрын елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық,...
21 наурыз – Ынтымақ күні
Бұл күн - халықтың бірлігі мен ынтымағының символы әрі азаматтарды бейбітшілік пен келісімді сақтау, бір-біріне құрмет пен қолдау көрсетуге шақырады. Бірлік – тек тату көршік қана емес, ол еліміздің әділетті әрі гүлденген болашағын бірге жасаудың негізі.
Сонымен қатар бұл күні ұлтына немесе дініне қарамастан, әрбір азаматтың әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше екпін түсіріледі.
Ашық дереккөздердегі ақпараттар бойынша дайындалды.
Ұлттық спорт күні: Жетісуда балалар роботтың көмегімен асық ойнады
Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында Ұлттық спорт күнінде 70-ке жуық түрлі жарыстар өткізілуде. Бұл ретте атап өтерлігі, асық ойыны жаңа технологиямен үйлестірілді. Осы күні ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дәстүрлі мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған бұл атаулы күнде жарыстар өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтыды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, Талдықорған қаласының...
Реализация инициативы Президента «Таза Қазақстан»: 1,6 млрд высаженных деревьев и лесомелиорация на площади более 1 млн га
Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Центра по мониторингу реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан». Рассмотрены вопросы озеленения, в том числе создания лесных массивов и реализации экологических проектов в регионах.
«Ключевые принципы инициативы Главы государства «Таза Қазақстан», включающие формирование экологической культуры среди населения, защиту окружающей среды, бережное отношение к природе, закреплены в новой Конституции Республики Казахстан.
Сохранение природы – это не просто...
«Ұлттық спорт» күні аталып өтті
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің облыстық филиалында Наурызнаманың 10 күндігі аясында «Ұлттық спорт» күні аталып өтті. Жол саласының қызметкерлері алдымен қол күрестен өзара мықтыны анықтады. Содан кейін ұжым болып тоғызқұмалақ, шахмат сынды зияткерлік ойыннан сынға түсті. Мұндай шаралар мекеме мамандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ынтымақ-бірлікті арттыруға сеп болады. Сондықтан саладағылар салт-дәстүрді дәріптейтін игі істерді жыл сайын өткізіп тұрады....
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру: Олжас Бектенов Арал маңы жағдайын жақсарту және көгалдандыру жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда көгалдандыру, оның ішінде орман алқаптарын құру, өңірлерде экологиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
«Президентіміздің “Таза Қазақстан” бастамасының негізгі қағидаттары, оның ішінде халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты негізгі құндылықтар еліміздің жаңа Конституциясында нақты бекітілген. Табиғатты қорғау – құр...
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының қорытынды отырысы өтті. Айта кету керек, аталған коалицияның ашылу салтанаты да дәл осы ғимаратта өткен болатын. Осылайша, маңызды саяси науқанның басталуы мен қорытындысы бір алаңда түйінделді.
Іс-шараға саяси партиялардың өкілдері, ардагерлер, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Азаматтық альянс өкілдері, сондай-ақ өңірдің белсенді азаматтары...
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Бұл күн ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан қазақтың ұлттық спортын сақтау мен насихаттауға арналған.
Осы күні көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, асық ату және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар бабалар рухын сезінгісі келетін барлық ниет білдірушілер қатысады.
Ашық дереккөздердегі ақпараттар бойынша дайындалды.
Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер
Бұған дейінгі мақаламызда («Реформалар мәні – 5: Ықпалды Парламент») еліміздегі өкілді биліктің трансформациясы туралы сөз қозғаған едік. Содан бері реформалар одан әрі жалғасын тауып, 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтардың 87 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Қоғамның елді жаңарту мен жаңғыртуды көздейтін сұранысына жауап беретін бұл тарихи таңдау ұлт бірлігінің берік негізіне айналып, тұрақсыздық белең...





























