«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің облыстық филиалында Наурызнаманың 10 күндігі аясында «Ұлттық спорт» күні аталып өтті. Жол саласының қызметкерлері алдымен қол күрестен өзара мықтыны анықтады. Содан кейін ұжым болып тоғызқұмалақ, шахмат сынды зияткерлік ойыннан сынға түсті. Мұндай шаралар мекеме мамандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ынтымақ-бірлікті арттыруға сеп болады. Сондықтан саладағылар салт-дәстүрді дәріптейтін игі істерді жыл сайын өткізіп тұрады. Енді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын ауқымды түрде тойлайтын болады.
-Үш, төрт филиал бірігіп Алматы облыстық филиалында үлкен той өтеді. Садақ ату, күрес, арқан тарту сынды ұлттық ойындардың түр-түрі ойналатын болады. Бұл мейрам біздің мекеме үшін үлкен рөлі бар. Жылда аталып өтеді. Оған біздің мекеменің әр аймағынан келген 400-ден астам қызметкері қатысады,- дейді Елдар Әбенов «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының директоры.





























