АЭС экономикалық тұрғыда аса тиімді. Мысалы, 1 грамм уранның қуаты 100 тонна көмірді жаққанмен пара-пар. Ал одан шыққан қалдық та аз болмасы анық. Мәселен, қуаты 1 ГВт болатын АЭС-тен шамамен 50 шаршы метр радиоактивті қалдық шығады және қуаты 1-1,5 млн. халқы бар қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Бұл ретте қуаты дәл осындай жылу электр орталығы 200-300 мың тонна қалдық шығарады. Осылайша, АЭС көмір стансыларымен салыстырғанда қалдықтарды айтарлықтай аз шығарады және бұл оларды барынша экологиялық таза энергия көзіне айналдырады».
Руслан Қожасбаев, АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшесі