Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан), сондай-ақ Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) тапсырылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған жағдайда Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама жіберетінін хабарлайды.
Салық есептілігін ұсынбау туралы хабарламаны алғаннан кейін тұрғылықты жері (тіркелуі) бойынша тиісті декларацияны ұсыну қажет.
Осыдан кейін әкімшілік материал жасау үшін тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына келу керек.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабына сәйкес декларацияны салық заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеу алғашында ескертуге әкеп соғады.
Аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда, жеке тұлғаға 15 АЕК (шамамен 55 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
үй Жаңалықтар Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны және Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырылмауының...