Алакөл ауданындағы кәсіпкер ет өнімдерін өндіреді, оның ішінде қазақ халқының деликатестері де бар — жая, ысталған қазы мен құйрық май өндірісіне аса назар аударылады.
Динара Әділбаева он жыл бұрын ет өнімдерін өндірумен айналыса бастады. Әр түрлі дәмдеуіштерді қосып, тәжірибе жасаудан қорықпағандықтан, оның өнімдері ауылдастарының сұранысына ие болды. 2021 жылы бизнеспен айналысуға шешім қабылдап, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Динара Әділбаева шұжық өнімдерін дайындау технологиясын меңгергеніне қарамастан, қосымша білім алу мүмкіндігін назардан тыс қалдырмады және еліміздің қалаларында қысқа мерзімді оқытуларды тәмәмдады.
«Өнімдер тек фазендадан сатып алатын жергілікті шикізаттан жасалады. Ысталған қазы мен құйрық май — нағыз нәзіктік. Сондай-ақ жаяны да ысталуға болады. Әрі қарай ассортиментті кеңейтемін», — деді кәсіпкер жоспарларымен бөлісіп.
Динара Әділбаева деликатестер өндірісінде жергілікті шикізатты пайдаланатындықтан ысталған құйрық май, қазыны «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңке-көрмеде ұсынды. Өнімді конкурстық іс-шараның қазылар алқасы жоғары бағалап, Динара жартылай финалға шықты. Енді ол өз өнімдерін Бренд комитетінің мүшелері алдында таныстырады.
Кәсіпкер өз өнімдерін облыстан тыс жерлерде сататынын айтты. Әлеуметтік желілер арқылы оның шұжықтары туралы басқа аймақтардың тұрғындары біледі, тапсырыстар жасайды. Өнімге деген сұраныстың артуы кәсіпкерді ассортиментті кеңейтуге ынталандырады.
Қазіргі өндірістік көлемге келетін болсақ, ай сайын шамамен үш жүз килограмм шұжық пен басқа да ұлттық тағамдарды сатады.
Кәсіпкердің цехында төрт адам жұмыс істейді, бірақ, әрине, жеке кәсіпкер дамыған сайын жұмысшылар штаты кеңейе түспек.