Спорт өкілдерімен кездесті

92

Аймақтық Халықтық штаб өкілдері Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының спортшылары және қызметкерлерімен кездесті. Жиында штаб мүшесі, Қазақстан Халық партиясының Жетісу облысындағы филиал төраға міндетін атқарушы Ибраимов Олжас  АЭС құрылысының маңызы мен оның  қажеттілігін   түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті. “Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асып жатыр. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді”, – деді ол. Сонымен қатар кездесу барысында  ұжым мүшелері өздерін  толғандырған сауалдарды қойып, пікір алмасты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз