Бүгінде аймақта әлеуметтік орталықтар, жайлы мектептер, ауруханалар салынуда. Бұл нысандардың барлығына , өміріміздің барлық тұсында электр қуаты керек. Қазіргі таңда елімізде электр қуаты тапшылығына байланысты біз шет елден электр қуатын сатып алып отырмыз. АЭС құрылысы елдің энергетикалық қуатын арттырудың алғышарты болмақ. Сондай-ақ, атом электр станциясы жобасы мыңдаған жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырады. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды.
Шалқар Оразбаев