Әр азамат өз таңдауын жасауға құқылы

64

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға байланысты, қаладағы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің басшыларымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен арнайы кездесті. Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында ұзақ уақыт еңбек етіп,тәжірибе жинақтаған Ернат Дүйсенбекұлы, атом электр стансасының елімізге қажет екенін түсіндіріп,жиналған қауымды референдумға қатысып,өз таңдауын жасауға үндеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ретінде, референдум тақырыбының қоғам талқысына түсуі ел өміріндегі маңызды қадам екенін айтып,Президент бастамасының энергия тапшылығын түбегейлі жойып,болашағымыздың жарқын болуына жол ашатынын атап өтті.Кездесу барысында Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қатысты да сауалдар қойылып, «жабайы сауданы жою», автокөлік жолдарын жөндеу, оқушылар үшін автобус қатынасын реттеу мәселесі де көтерілді.

Гүлжанат Мырзалықызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз