Жетісулықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды

82

Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті.
Цифрлық қолтаңбаны алу, жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу, құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке (ауыртпалық салу) құқықтарын мемлекеттік тіркеу, ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жеке куәлікті алу,
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарының айтуынша, ағымдағы жылдың сегіз айында облыста 20 мыңға жуық цифрлық қолтаңба және жүргізуші куәлігі берілген. Сонымен қатар, жетісулықтар 14 мыңнан астам рет көліктерін тіркеген, ал жылжымайтын мүлікке (ауыртпалық салу) құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін 8 мыңға жуық рет жүгінген.
Сондай-ақ, соңғы уақытта мемлекеттік деректер қорындағы қате мәліметтерді түзету бойынша мемлекеттік қызмет танымал болып келе жатқанын атап өтеміз. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне 6 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Енді жетісулықтарға мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті пайдалана алады. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.
ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алатынын ескеру қажет.
Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 1268 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз