АЭС құрылысы сынды шешім қабылдауда халықтың қатысуы маңызды — Халықтық штаб

60

Бұл мәселе Жетісу облысында өткен жиынды талқыланды.

АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік Жетісу облысының Халықтық штаб мүшелері Арыстанғали Арын, Айбек Искаков, Хұсайын Мұстафа Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушылары және студенттерімен жүздесіп, қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, Атом электр станциясын салу туралы жалпыұлттық референдум өткізу мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом энергетикасына ерекше тоқталып, станса салу ісі көпшіліктің дауыс беруімен шешілетінін атап өткені белгілі.

«Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл — «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз» — деп атап өткен болатын президент.

Әлемдегі озық елдердің нәтижері мен тәжібирбелерін мысалға келтіре отырып, алдағы уақытта тұрақты энергия көзіне көшу қажет екендігін айтқан Халықтық штаб мүшесі, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын халықты батыл шешімдерді қабылдауға шақырды.

— «Атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім демократияның құралы – референдум арқылы қабылданады. Яғни, соңғы шешім халық қабылдайды. Бұл тәсіл көпшіліктің еркін қатысуын және барлық тараптардың мүдделерін ескеруін қамтамасыз етеді», -дейді Арыстанғали Арын.

Оның айтуынша, 2035 жылы 26,5 гвт энергия қажет болады. Қазір елдегі электр энергиясының 66 пайызын көмір стансалары өндіреді. Ал 6 пайызын жаңартылған энергия көздері беріп отыр. Энергетика министірлігінің болжамына сүйенсек, 10 жыл ішінде энергияға деген сұраныс күрт өседі. Сол себепті Халықтық штаб мүшелері болашақта энергия тапшылығын болдырмас үшін қазірден бастап қамдану қажет екенін баса айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз