Талдықорғанда Халықтық штабы ашылды

67

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа жолдаған Жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін атап өтіп, дәл сол күні арнайы қабылданған Жарлыққа қол қойған болатын.Референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ.Шын мәнінде , бұл- «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат екеніне де баса назар аударды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін референдум өткізу стратегиялық маңызға ие.Осы орайда Талдықорған қаласында елдің ең белсенді  және беделді азаматтары мен  саяси қоғамдық ұйымдарыАтом электр станциясын салу туралы халық арасында үгіт-насихат жүргізуі үшін облыстық,қалалық штабқа біріктіріліп,ашылу салтанаты өтті.Осындай халықтық штабтар еліміздің  барлық өңірінде құрылды.

Арыстанғали Арын, «Аманат» партиясының Жетісу облыстық филиалының және Халықтық штабтың төрағасы:- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа арнаған жолдауында азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Барлық 9 басымдылық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады.Халық арасында қызу талқылауға  ие болып жатқан Атом электр стансасын салуға да ерекше мән берді. Осы орайда 6 қазанда халықтық референдум өтетін болды. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы және «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді.Енді міне Жетісу өңіріндегі саяси және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Атом электр стансасын қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ашылу рәсімін өткізіп жатырмыз.Штабтың құрамында: облыстық саяси партиялар,Азаматтық альянс, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы,кәсіподақ ұйымдары мен зиялы  қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, «Жастар рухы» және басқа да белсенді азаматтар бар.Біз бірлесіп, сапалы жұмыс атқаратынымызға сенеміз.Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі Атом  энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметі бойынша, қазіргі уақытта әлемде 415 ядролық энергетикалық реакторлар пайдаланылуда. Оған қосымша тағы да 59-ы салынуда. Атом электр стансасының ең көп шоғырланған жері-АҚШ.Онда 94 станса бар екен. Жерінің аумағы бұрынғы біздің Алматы облысы ғана сияқты, Франция мемлекетінде- 56 станса бар. Сол сияқты, өзге де дамыған мемлекеттерде бар немесе салынуда. Көршілес Өзбекстан мемлекеті де атом электр стансасын салып жатқаны белгілі. Қырғыз елі де  АЭС салуға байланысты қоғамдық талқылауды бастап кетті. Қазақстан-мұнай мен табиғи газдың ірі өндірісі бола тұра, әрине, жаңа энергия көздеріне мұқтаж. АЭС-бүгінде  әлемдегі ең қауіпсіз, әрі ең тиімді энергия көздеріне жататынын халыққа түсіндіруіміз қажет.

Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облыстық мәслихатының төрайымы, Халықтық штабтың мүшесі:-Халықтық штабтың құрылғанын құба-құп алдық.Жетісу облысында атқарылып жатқан саяси істердің басы-қасындамыз. Осы жерде өсіп-өніп жатқаннан кейін еліміздің өркендеп,дамығанын қалаймыз.Халықтық штабтың құрамындағы әр адам өз саласын дамытуға барынша күш-жігерін жұмсап жатқан азаматтар. Референдумның дұрыс өтуі,халқымыздың оған біркісідей жұмыла қатысуы қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруға байланысты деп ойлаймын.АЭС-бізге қажет деп түсіндіре алсақ,оның Мемлекетіміз үшін,оның болашағы үшін аса маңызды екенін жеткізуіміз керек.Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші,әр азамат жақындарына, ұжымдастарына, еңбеккерлер арасында дұрыс насихаттауы қажет. Біз қазір тарихи шешуші кезеңде тұрмыз. Біздің қолдауымыз — болашаққа салынар сара жол деп ойлаймын.Оның рахатын- балаларымыз,немерелеріміз,ұрпағымыз көреді.Өздеріңізге белгілі күннен-күнге энергия қуатына қажеттілік өсе түсуде. Сол  энергия көздерін қайдан аламыз? Біз судан,желден, күннің көзінен,көмірден электр энергиясының қуатын алып отырмыз. Бірақ,олардың қоры шексіз деп айта алмаймыз. Сондықтан да, АЭС болашағымыз үшін керек.Экологиялық жағынан өте тиімді.Тұрақты энергия көзі екенін халық дұрыс түсінсе деймін.

Жомартқали Жексенбінов,зейнеткер,Халықтық штаб мүшесі:Президентіміз әр жылғы Жолдауын елдің бірлігін,адалдығын,болашағын ойлап,арнайды. Біздің Қазақстан гүлденетін мемлекет.Бізде бәрі бар. Қазба байлығымыз жетеді. Енді соны игеретін мықты кадрлар мен экономикасы болуы керек. Экономиканы дамыту үшін мықты электр желілері қажет. АЭС салынуын қолдай отырып, халықты болашақ үшін 6 қазан күні қолдап дауыс беруге шақырамын.

Ерғазы Қошанбеков, партия ардагері,Халықтық штаб мүшесі:Бүгінде еліміз бойынша талқыланып жатқан өзекті мәселе-АЭС бізге қажет пе,қажет емес пе? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылы Жолдауда энергия қуаты үшін шет мемлекеттерге тәуелді болмауымыз керек. Оны өзімізде өндіретін жағдайымыз бар.Сондықтан АЭС салуды референдум арқылы халықтың өзі шешуіне жол береміз деген еді. Соған 1 жыл толды.Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы оған нүкте қойып, 6 қазан күні референдум өткізуге шешім қабылдады. Дамыған,өркениетті халықтардың қатарына қосылуымыз үшін, АЭС керек екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Жалпы Қазақстан Мемлекеті бүгінгі күні саяси науқанға кірісіп кетті. Айтарым,байтақ жеріміз бар,кең пейілді халқымыз бар, АЭС салуға қажетті отынымыз да бар.Сол отынымызды тек шикізат ретінде ғана саудаламай, өзімізде барды ұқсата алуымыз керек.АЭС салудан кейбір адамдар қорқады. Қорқатын ештеңе жоқ. Сол Атом электр стансасын салуға қатысатын кадр мәселесі де  шешілген екен. Оған еліміздегі ядролық физика институттарына барғанда көзіміз жетті.Бірі- Курчатов қаласында,екіншісі-Алматыда.Сол институттар Қазақстандағы 4 жоғары оқу орындарымен келісім шарт жасасып, студенттер атом саласында қызмет етуге дайындалып жатыр.Бүгінде еліміз қарқынды даму үстінде. Олар қуат көздерін көмірді, суды пайдалану арқылы алып жатыр. Ол экологиямызға орасан зор қауіп төндіреді. Жылуымыздың,суымыздың тепе-теңдігіне нұқсан келтіреді. Су көздері шетелде болғандықтан,оның да болашағы бұлыңғыр.Күннің де желдің де қуатын өндіру уақытша ғана. Жетісу облысында 1 наурызға дейін электр энергиясының құны-1 квт үшін-28 теңге болатын,1 наурыздан бастап-35 теңге төлеп жатырмыз.Энергетика саласының мамандары оның бағасы әлі өсіп,51 тг. дейін барады дейді.Себебі, электр энергиясы саласын жаңғырту керек екен. Ал,АЭС салынатын болса, сарапшылардың айтуынша баға да төмендемек. Қазір Талдықорған өңірін ғана алатын болсақ, бірнеше қабатты үйлер салынып жатыр.Өндіріс орындары іске қосылуда,әлі қосылады да. Олардың бәріне электр қуаты керек. Сондықтан АЭС бізге өте қажет. Халық оны дұрыс түсінуі керек деп ойлаймын. Әр адам бойындағы қорқыныш сезімін ақылға сыйдырып, 6 қазан күні өтетін референдумға қатысып, оң шешім шығарғаны дұрыс.

Темірболат Ахажан,Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы,Халықтық штаб мүшесі:Еліміз үшін аса маңызды науқанға қазақстандықтар жауапкершілікпен қарап, дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін.Себебі,еліміздің келешегі жарқын болуы үшін атом электр стансасын салу- қажеттілік.Барша азаматтарды Президентіміздің бастамасын қолдауға шақырамын.

Қазіргі уақытта қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері,үгіт топтары мен штаб өкілдері Атом электр станциясын салудың маңыздылығы бойынша түсіндіру тренингтерін өткізуді жалғастыруда.Атом электр стансасының құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана қажетті қадам емес,сондай-ақ,төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады.Атом электр стансасы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі.АЭС жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып,станса орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырады.Сарапшы мамандардың айтуынша атом энергетикасы ұзақ мерзімде электр энергетикасы бағасының тұрақты болуына кепілдік береді.Себебі, АЭС 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті.

Гүлжанат Нұршанова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз