Атом электр станциясын салу елімізді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады

96

«Атом электр станциясын салу елімізді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады». Батыс Қазақстан облысындағы қоғамдық ұйым өкілдері осындай пікірде. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Экономиканы мол энергия қорынсыз дамыту мүмкін емес. АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға қатысып, дауыс беру де әр азаматтың парызы дейді жұртшылық.

Қайролла Сабыров, «Нарын қасіреті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Атом электр стансасын салу туралы әңгімелерге толық қосыламын. Себебі, АҚШ-та 97, Ресейде 37, Жапонияда 17, Қытайда 55, Францияда 56 АЭС бар. Мұның бәрі ақылсыздықтан жасалып жатқан нәрсе емес.

Мынатаубиік Әнесов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Тек қана «Ауыл» партиясы ғана емес, басқа партиялармен бірге бір жеңнен қол шығарып, референдумды қолдауға тиіспіз. Референдумға толық қатысайық. Әркім өзінің үнін айтсын. Әркімнің конституциялық құқығы бойынша айтады ғой, жақ па, қарсы ма деп. Дейтұрғанмен, егжей-тегжейлі түсіндіріп, АЭС-тің қажеттілігін, пайдасын, мүмкіндіктерін жеткізуге міндеттіміз.

Ардақ Мұратқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз