АЭС — болашақ үшін қажет

103

Мұстафа Хұсайын, «QAZAQSTAN CHERNOBYL ARDAGERLERI» қауымдастығы орталық кеңесінің төрағасы:- Ұрпағымыз өркениетті елдердің қатарында болуы үшін биылғы жылы елімізде Атом станциясын салу туралы мәселе көтеріліп жатыр.Президент осы орайда халыққа өз ойын білдіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр.Себебі, елімізде болған түрлі  ядролық сынақтарды халқымыз басынан кешірді. Енді бейбіт атомның қаншалықты елімізге пайдасы барын толықтай түсінсін,ой елегінен өткізіп барып,дұрыс ойын шешім қабылдасын деп отыр. Қазіргі таңда  Кеңес кезеңінде ядролық сынақ алаңында болып,өз көзімен көрген,бастарынан барлық қиындықты өткізген Семей, Чернобыль ардагерлері халық арасына шығып, АЭС салудың Қазақстан үшін  өте пайдасы зор екендігін түсіндірудеміз.Оны қазақстандық мамандар терең зерттеп,қарауда. Ғалымдарымыз бұл тұрғыдан жан- жақты жұмыстар жасап жатыр.Нақты зерделенген жұмыс өз нәтижесін берері сөзсіз. Энергияның баламалы түрін қолданбасақ ұрпағымыздың болашағы қалай болады?Көрші мемлекеттер бізге энергия көздерін бере ме,бермей ме? Бұл терең ойланып, қабылданатын мәселе деп ойлаймын.Атом саласындағы жақсы игіліктерді біздің еліміз де дұрыс бағытта қолдануы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз