Баршаға мәлім біздің алдымызда мемлекет үшін өмірлік маңызы бар мәселе – алғашқы атом энергетикалық станциясын салу бойынша шешім қабылдау міндеті тұр. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Осы орайда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған республикалық референдум туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберіліп, жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетіндігі мәлім болды. АЭС салу бойынша Референдум өткізу маңызды экономикалық ғана емес, сонымен қатар ауқымды саяси қадам болып та саналады. «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады»-деп біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажеттігін баса айтты.
Әділет Рымтаев, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы