Талдықорғанда миллиардтаған мемлекет қаржысын ұрлаған есепшілер «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деп танылды. Былтыр қалалық білім бөлімінің бас есепшісі шетелге қашып бара жатқан жерінен қолға түскен болатын.
Almaty.tv мәлімдегендей,облыстық сот 244 томнан тұратын іске нүкте қойып, 20 адамды кінәлі деп таныды. Сотталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Судья қылмыстық істің негізгі 3 ұйымдастырушысын 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Ал өзге 5 сотталушы 7 жылдан 11 жылға дейін мерзімін өтейді. Тағы 2 есепші шартты түрде сотталса, біреуіне қатысты іс қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.
Айта кетейік, атышулы қылмысқа қатыстылардан 3 млрд теңгеден аса ақша алынды. Зергерлік бұйымдар, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер де тәркіленген.