Жетісуда АПВ қарсы вакцинациясын енгізу бойынша көшпелі семинар өтті

192

Жетісу облысында облыстық және аудандық жатықтырушылармен бірлесіп, 2023-2025 жылдарға арналған адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды енгізу жөніндегі Жол картасының іс-шараларын орындау мақсатында медициналық қызметкерлерге көшпелі семинар өткізілді.

Семинарға аудан бойынша медициналық ұйымдардың онколог, гинеколог, педиатр, госпиталды эпидемиолог, егу жүргізетін, учаскелік, мектептің медициналық қызметкерлері қатысты.

Жиында АПВ инфекциясы мен жатыр мойны обырының эпидемиологиясы, Жетісу облысы бойынша жатыр мойын обырының эпидемиологиялық жағдайы, АПВ-ға қарсы вакцинаның тиімділігі мен әсері, шынайы және жалған медициналық қарсы көрсетілімдер, АПВ вакцинасының қауіпсіздігі туралы дәлелденген мәліметтер, АПВ вакцинасынан кейін мүмкін болатын реакциялар, вакцинацияға сенімділік және медициналық мамандардың қызметі, АПВ вакцинасы туралы мифтер мен фактілер, АПВ вакцинациясы бойынша ата-аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Семинар соңында 161 медициналық қызметкердің алған білім деңгейін бақылау мақсатында тестілеу өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз