Жауырыны жерге тимей шекарашылардың мерейін көтеріп жүрген спортшыларымыз баршылық. Солардың бірі де бірегейі — сержант Ербол Борашев. Спорт саңлағы қазіргі кезде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшісі сержант Ербол Борашев. Ербол Бауыржанұлы гір тасын көтеруден, әскери үш сайыс, қоян-қолтық ұрыс, ату жарысы, самбо, қазақша күрес, республикалық әскери спортшылар арасындағы сайыстарда бас жүлделерді иеленді. Тәуелсіз мемлекеттер достығы елдері арасында 2015, 2017, 2018 жылдары самбодан әскерилер арасында чемпионы.
Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында өткен қазақша күрес турнирінде ІІІ орынның тұғырынан көрінді. Бос уақытын спортқа арнайтын сержант Ербол Борашев барша қазақстандықтарды салауатты өмір салтын қолдауға шақырады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті