ЖЕТІСУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ТАЗАЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

150

Жетісу облысының спортшылары қазақстандықтарды республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды. Мотивациялық бағытта бейнеролик түсіру арқылы, спорттың жауапкершілігі – ел тазалығын сақтаумен парапар екенін жеткізді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алғаннан бері өңір спортшылары айрықша белсенділік танытуда. Барлық спорттың нысандардың маңын қоқыстан тазартып, ауқымды акцияға үлес қосқан спортшылар осы жолы ойларын бейнероликпен жеткізген. Өңір тұрғындарын тазалыққа үндеген мотивациялық бейнеролик әлеуметтік желіде де тез тараған.

Ақмолда Сайрамкез, ауыр атлетикадан әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Спортта да ел табиғатын аялауда да ортақ бір қыры бар – екеуінде де жауапкершілік пен патриоттық рух аса маңызды рөл атқарады. Дәл сол себепті біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бірлесіп үлес қосуымыз керек деп есептеймін».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз