Талдықорғандық ардагерлердің спорттағы жеңістері

147
Қала ардагерлерінің басын қосып отырған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында спорттық шаралар жиі өткізіліп келеді. Сондай шара аптаның сәрсенбісінде тоғызқұмалық, дойбы, шахматтан турнир өтті. Оған 80-ге жуық қалада тұратын  қадірменді қариялар қатысып, тамаша ойын өрнегін көрсетті.

   Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нариман Естібаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков шара қатысушыларына сәттілік тіледі.

 Жалпы айтқанда қала қариялары спорт пен мәдениетте өте белсенді.    Қаламыздағы ауқымды шаралар осы  «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында өтіп келеді. Бұл орталықтың басшысы Әсет Оразбекұлының айтуынша,  күнделікті бұл жерге 300-дей ата-апалар келіп, осы жердегі спорт түрлерімен, ағылшын, қазақ тілі курстарына, компьютер, массаж, теннис, тігін тігу түрлері бойынша  келіп, қалаған істерімен айналысатын көрінеді. Тіпті  қолөнершілердің қолынан шыққан  бұйымдардың көрмесі өтіпті.

   Гүлнар Балханова, жарысқа қатысушы:- Мен 2012 жылы зейнеткерлікке шыққаннан бері осы ардагер ұйымында қызмет жасаймын. 4 шағын ауданында ардагерлер бөлімшесінде төрайым болдым. Кейін Талдықорған қаласы медицина қызметкерлері- зейнеткерлері төрағасының орынбасары. Қазір 5 шағын ауданы 4 үйдің тұрғынжай серіктестігінің төрайымымын. Ұзақ өмір сүру орталығына келіп, иога, скандинав таяқшамен жүруді үйрендім. Бұл орталықта денсаулықты нығайтуға бар жағдай  жасалған, бассейінге түсіп, немесе бильярд, теннис  ойнаймыз,  бос уақытымыз тиімді өтуде. Бүгінгі спорттық шараны  ұйымдастырып, жарыс өткізіп жатқан кеңес төрағасы Ақшабай Керімбековке, орталық басшылығына рақмет.

Нұртай Шынқожаева, қала тұрғыны:- Мен «Ғарышкер» шағын ауданы ардагерлері төрайымымын. Бұл орталықта өтіп жатқан жарыста  дойбыдан бағымды сынап көрмекпін. Жалпы денсаулыққа пайдалы иога, скандинав таяқшасымен жүруді үйрендім, ұнайды. 

Айтмолда Сүгіров:- Тоғызқұмалақ ойнына қызығушылық танытқаныма бірнеше жылдың жүзі болды. Қала намысын облыста қорғап келемін. Жасым 80-нен асса да үйде қол қусырып отыра алмаймын. Бүгін спорттық шара өткізіліп жатқан соң келіп бағымды сынауға келдім.

 Белсенді өмір сүру орталығында өткізілген спорттық шара қорытындысы шығарылып, әр сайыстың жеңімпаздары анықталды. Тоғызқұмалақ бойынша 1-орынға Қайша Рысалова, 2-орынға Айтмолда Сүгіров,  екі 3-орын, оған Ғали Дүйсебаев пен Серік Баймолдин лайық деп табылды. Дойбыдан Түйеші Ақсубай, Жұмағали Байкенже, Қанағат Құнаш пен Бейсенғали Оспанқұлов жүлделі  орындарды өзара бөлісті. Ал, шахматтан 1-орынға Байбол Ақмұрзаев, 2-орынға Адилжан Шатаев, үшінші орындарға Хасен Дәулетхан мен Аятбек Қалыбаев ие болды.  Барлық жеңімпаздарға грамота, кубок пен қаржылай сертификат табысталды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз