Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған іс-шара 7 шілдеде «Жастар» саябағында өтті. Оған облыстағы мәдениет мекемелерінің домбырашыларымен бірге бір мезетте аудандық, қалалық мекемелердің өнерпаздары Таңатар Алшабековтың «Жетісу күйін» орындады.
Мереке аясында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық көркемөнер галереясы және Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханалары кітап көрмелері мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін ұйымдастырды.