Елімізде Ұлттық кітап күні тойланады

169

Үкімет қаулысына сәйкес, жаңа мереке 23 сәуірде тойланбақ. Мерекелік дата Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына орай пайда болды.

Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланған болатын.

«Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір — Ұлттық кітап күні мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген» делінген еді қаулы жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылды.

Ал қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енетінін атап өткен жөн.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз