Жалпы ережелер
- «Jas Kenes Siylygy» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы болып табылады.
- Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін және басшылық лауазымдарды иеленбейтін, күнделікті жұмысы мен еңбектегі ерлігі көптеген отандастар үшін жиі көріне бермейтін қазақстандықтарды – жас мамандарды көтермелеу мақсатында беріледі.
- Сыйлық 2024 жылдан бастап жыл сайын келесі номинациялар бойынша беріледі:
— «Janqiarlyq», құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің өзге де ұйымдарының өкілдері үшін;
— «Altyn jürek», орта медициналық персонал үшін (жедел медициналық көмек, акушерлер және т.б.);
— «Önerkäsıp», өңдеу өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, агроөнеркәсіптік сектордың, тамақ өнеркәсібі ұйымдарының қызметкерлері, энергетикалық сектордың және өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін;
— «Bolaşaq turaly qamqorlyq», мектепке дейінгі, орта, орта-арнайы білім беру мекемелерінің педагогтері, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлері үшін;
— «Adamgerşılık», балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің, хоспистердің, жануарларға арналған баспаналардың және осындай әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың өкілдері үшін;
— «Kömek qoly», зардап шеккендерге және Қазақстанда және одан тыс жерлерде мұқтаж адамдарға ерікті көмек көрсетуді ұйымдастыруда өзін көрсеткен еріктілер үшін;
— «Bızdıñ üi», коммуналдық және инфрақұрылымдық қызметтердің, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты өзге де ұйымдардың өкілдері үшін.
- Сыйлық лауреаттары үшін ақшалай сыйақыны тартылған демеушілік және өзге де қаражат көлемін ескере отырып, жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес айқындайды. Мемлекеттік органдар немесе мемлекет қатысатын ұйымдар тарапынан мемлекеттік бюджет және/немесе материалдық көмек қаражатын пайдалануға жол берілмейді. Сыйлықтың лауреаттары үшін серіктестер мен донорлардан материалдық немесе өзге түрде қосымша сыйлықтар және/немесе жүлделер беруге болады.
Беру тәртібі
- Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.
- Сыйлықты, оның ішінде әр түрлі номинациялар бойынша қайта беруге жол берілмейді.
- Өтінімдер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесте белгіленген мерзімде қабылданады. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде берілуі мүмкін.
- Үміткердің сыйлық беру конкурсына қатысуға өтінімі мыналарды қамтиды:
— Тегі, аты, әкесінің аты (PDF форматында жеке куәлік);
— ЖСН нөмірі;
— Лауазымы көрсетілген ағымдағы жұмыс орны (лауазымы мен жұмыс мерзімі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама PDF форматында);
— Жұмыс тәжірибесі (жұмыс мерзімдерімен алдыңғы жұмыс орындары);
— Egov электрондық үкімет порталы арқылы PDF форматында алынған соттылығының болмауы туралы анықтама;
— Ынталандырушы эссе (300-500 сөз, үміткер неліктен сыйлыққа лайық деген сұрақтың жауабын ашатын);
— Ұсыныс беретін адамның аты-жөні мен жұмыс орны көрсетілген ұсыныс хат (бір беттен артық емес, Times New Roman 14 қарпі PDF форматында);
— PDF форматында алғыс хаттар, грамоталар және басқа да марапаттар;
— Сыйлыққа үміткердің қызметін жариялайтын сұхбаттарға, БАҚ-тағы мақалаларға сілтемелер;
— Ұялы, жұмыс телефонының байланыс нөмірі және электрондық пошта мекенжайы.
- Сыйлыққа үміткерлер jaskenes.kz сайттындағы электрондық нысан арқылы өз бетінше қатысуға өтінім береді.
- Келіп түскен өтінімдерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің қатарынан құрылған және кемінде 7 (жеті) адамнан тұратын комиссия қарайды.
- Комиссияны оның мүшелері арасынан сайланатын төраға басқарады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы бекітеді. Комиссия отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.
- Егер мүдделер қақтығысы туындауы үшін айқын немесе әлеуетті негіз болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын жағдайда, комиссия мүшесі ізденушілердің өтінімдерін қарауға қатыспайды.
- Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды комиссия үш кезеңде қарайды:
— Бірінші, өтінімдерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығын техникалық бағалау;
— Екінші, комиссия мүшелерінің келіп түскен өтінімдерді жеке қарауы. Осы кезең шеңберінде комиссия мүшелері өтінімді әр түрлі көрсеткіштер бойынша он балдық межелік бойынша бағалайды. Кандидат балдарының қорытынды мәні комиссияның барлық мүшелері бағалайтын барлық көрсеткіштер бойынша балдар сомасының орташа мәнін есептеу жолымен есептеледі;
— Үшінші, комиссия мүшелерімен офлайн немесе онлайн форматта сұхбаттасуға кандидаттардың қысқа тізімін (екінші кезеңде ең көп балл жинаған кандидаттардың 10%-ы) шақыру. Үшінші кезеңде комиссияның әрбір мүшесі бірінші орыннан үшінші орынға дейін рейтинг беру арқылы үздік үш кандидатқа дауыс береді. Бұл ретте 1-орын үшін 5 балл, 2-орын үшін – 3 балл, бірінші орын үшін – 1 балл беріледі. Комиссия мүшелерінің ең көп балл жинаған екі кандидат өз номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылады.
- Комиссияның сыйлық лауреаттарының тізбесін бекіту туралы шешімі комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-сайттар арқылы ХХХ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу нәтижелері туралы.
- Марапаттау рәсімі барысында сыйлыққа ие болған адамдарға тиісті диплом, ақшалай сыйақы беріледі, сондай-ақ іс-шараның серіктестері мен демеушілерінен қосымша бағалы сыйлықтар табыс етілуі мүмкін.