Жетісу облысында 5 айда VIP-нөмірлерге 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды

161

2024 жылы Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО-ғы арқылы 100 ге жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2023 жылмен салыстыратын болсақ, жетысулықтар 5 айда VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 19 млн тенгеден асқан.
Еске сала кетсек, ҚазақстандаVIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.
Халықтың арасында 019 AAA 19, 919 AAA 19, 999 AAA 19 номерлеріне сұраныс жоғары. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Жетісу облысы бойынша қазіргі уақытта Талдықорған қаласында мамандандырылған ХҚКО және Сарқан, Панфилов аудандарында сектор жұмыс істейді. Айта кетейік, 2024 жылдың 5 айында мамандандырылған ХҚКО-да
30 мыңнан астам көлік тіркеліп, 9 мынға жуық жүргізуші куәлігі берілді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз