Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

503

Наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldyorgan-online.kz

Осы наурыз айында екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.

Бұл аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс күндері болып есептеледі. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз