Шекара аттары асылдандырылуда

164

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мініс аттарын асылдандыру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Осы мақсатта ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының Текелі қаласында орналасқан «Текелі» оқу-жаттығу, үйрету кавалериялық тобында әскери ветеринарларға арналған семинар өтті.

Оқу-тәжіибелік жиынға департаментке қарасты шекара басқармаларының әскери ветеринарлық топ бастықтары қатысты

Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары шекарашыветеринарларға дәріс оқып, шеберлік сабағын өткізді.

Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетіВетеринария факультетінің акушерлік хирургия және өсіп-өну биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қанат Орынханов өткізген хирургиялық дәрістер мен тәжірибелік сабақтардан семинарға қатысушылар көптеген пайдалы кеңестер алды.

Осы білім ордасының аға оқытушысы Серік Хизат тыңдаушыларға биелерді қолдан ұрықтандыру, акушер-гинекологиялық зерттеу жүргізу бойынша дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.

Сонымен қатар семинарға Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің ұстаздар ұжымынан Қасен Қожағұлов, Ілияс Қасымбеков, Серік Тұрсынбектер қатысты. Келешекте аталған оқу орнының студенттері әскери ұжымда  өндірістік технологиялық тәжірибеден өтетін болады.

Өткен жылғы қолдан ұрықтандыру арқылы жүргізілген шараның нәтжесінде биылғы көктемде бірнеше асыл тұқымды құлын дүниеге келді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз