Талдықорғанда Қызыл тас – Тасбақа тас жерінде «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық ЭКО фестивалі өтті.
Фестиваль «Жер күні — Ұмай» халықаралық мейрамына арналған велошеру және ағаш көшеттерін отырғызумен қатар аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарымен жалғасты.
Сонымен қатар, экофестиваль аясында Қызыл тас – Тасбақа петроглифтеріне экскурсия жасалынды. Ашық аспан астында өңір қолөнершілерінің көрмесі қойылып, түрлі байқауларымен жалғасын тапты. Айта кетейік, шара аясында Тасбақа тас аумағына 200 дана ағаш көшеттері отырғызылды.
#7su #km #тазақазақстан #киелімекен
#тазақазақстан #тазақалаталдықорған #акция #сенбілік