Жетісу облысында өрттің алдын алу үшін іс-шаралар қабылдануда

217

2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыста орман өртінің 1 жағдайы және дала өртінің 14 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, подполковник Сергей Огай және облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Қанат Даурембеков айтып берді.
Подполковник Сергей Афанасьевичтың айтуынша, табиғи өрттер мен жану қаупін азайту мақсатында кезең-кезеңмен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ облыстың елді-мекендерінде табиғи өрттерге жедел ден қою үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері саны 2 мыңнан асатын 157 ерікті өртке қарсы құралымдар мен 46 өрт сөндіру бекеттерін құрды, олардың қарулануында 798 бірлік арнайы және бейімделген техника бар.
Сондай-ақ, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдын алу жөнінде орман мекемелері бойынша 10 шақырым минералдық жолақтар жаңадан жасау, 1513 шақырым жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарлануда. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында 193 дана аншлаг, панно, билбордтар орнату жоспарланған. Сондай-ақ, облыстың барлық орман шаруашылықтарында 7,8 тонна дизель отыны және 11 тонна бензин түріндегі жанар-жағар май ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз