Туризм және спорт вице-министрі Мирас Қалиұлы Төлебаев Жетісу облысының туризм және спорт саласындағы қызметкерлерімен кездесті,- деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. өзге желілік басылымыны сілтеме жасап.
Кездесу тақырыбы Жетісу облысының туризм және спорт саласындағы мәселелер және орындалатын жұмыстарға арналды. Вице- министр алдымен Туризм және спорт министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары, қолға алған мәселелері туралы баяндап, сонымен қатар алға қойған мақсаттарымен бөлісті.
Жиын барысында Мирас Қалиұлы Төлебаев өңірдегі спорт саласының жетістіктері мен даму қарқынына қысқаша тоқталды. Соңғы жылдары Жетісу өңірінде де спорт саласы жан-жақты дамып келеді. Өңірдің спортшылары түрлі әлемдік, халықарлық ареналарда ел намысын абыроймен қорғауда. Сонымен қатар, Жетісу өңірінің спортшылары Париж олимпиадасына 5 жолдама алып, Қазақстан бойынша көш бастап тұрған өңірлердің бірі екені жиында айтылды.
Мирас Қалиұлы жұмыс сапары аясында “Jetisu Arena” мұз кешені және “Жастар” спорт кешенінің жұмыстарымен танысып, Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған “Айқаракөз — 2” командасының қыздарын арнайы марапаттады.