«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында «Талдықорған маңындағы тарихи петроглифтердің жай-күйі» турасында БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Баспасөз мәслихатына Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков қатысып, мәселенің мән-жайын баяндады.
Айтар болсақ, 2020 жылы Талдықорған қаласының солтүстігінде «Темир» карьеріне баратын грунттық жолды салу барысында жолдың бойында орналасқан археологиялық қорғандардың сақталуына қатер төңгені белгілі болды. Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың араласуымен ескерткіштерге зиян тигізетін жұмыс түрлері тоқтатылды.
2020 жылы «Темирбетон» ЖШС тапсырысы бойынша «Қазархеология» ЖШС 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңының 30-бабы бойынша жол өтетін жерлермен «Темир» карьерінің аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде «Темир» карьеріне апаратын жолға жақын орналасқан, қорғау аймағына кіретін 32 археологиялық ескерткішке 2021 жылы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Сол жылы «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тарапынан осы Қызылтас ескерткіштеріне екі ақпараттық тақта орнатылған.
Ал, 2022 жылы Талдықорған қаласында анықталған және құжаттандырылған 30 археологиялық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылды.
2023 жылы «Темирбетон» ЖШС қарасты карьерде жүріп жатқан жұмыстар кесірінен тарих және мәдени ескерткіштер қирап жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерге шықты. Мұндай негізсіз ақпаратқа сенуге болмайды.
Жалпы айтар болсақ, «Темир» карьерінің айналасында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мақсатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ. Сүлейменовтің төрағалығымен көшпелі жиын өткізіліп, онда «Қазархеология» ЖШС директоры Ж.Смайловқа «Темир» карьерінің айналасын қосымша толықтай зерттеп шығуды тапсырды.
2023 жылы бұл істің нәтижесінде, «Темир» карьерінің аумағында 26 петроглиф анықталды. Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңының 29-бабына сәйкес, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына «Темир» карьері аумағындағы петроглифтердің сақталуын жақсартуға байланысты басқа жерге көшіру туралы ұсыныс берілді.
2023 жылғы 5 желтоқсанда Қызылтастағы петроглифтер және «Тасбақа» деп аталып кеткен табиғи тасқа байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы келіп зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын.
Қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштер орналасқан «Қызылтас» саяжайындағы «Темир» карьерінде жарылыс жұмыстары мен аталған карьерде орналасқан петроглифтерді көшіру жұмыстары тоқтатылды.
Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде «Темір» тау-кен карьерінде облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелерімен, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирновамен, облыстық мәслихат депутаттарымен, қоғам белсенділері, «Темірбетон» ЖШС өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысуымен кездесу өткізіліп, петроглифтерді одан әрі сақтау мәселесі талқыланды. Бұл ретте, «Темірбетон» ЖШС-нің карьер мәселесін шешуге жәрдемдесетін болады.
«Темірбетон» ЖШС бұрын пайдаланылған карьер мерзімін ұзарту туралы өзінің құқық белгілейтін құжаттарын қалпына келтіру туралы сотқа талап арыз берді. Сот шешімі шыққанға дейін барлық жұмыстар тоқтатылды.
Бүгінгі күні облыстық бюджеттен «Қызылтас» шатқалының археологиялық ескерткіштеріне (петроглифтеріне) егжей-тегжейлі құжаттандыру үшін қаржы қарастырылып, ҚР Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес конкурс өткізе отырып, паспорттау (Қызылтас, Дауылбай археологиялық ескерткіштеріне) жұмыстары жүргізіледі. Бұл мәселеге мән беріліп отырғандығын спикерлер жеткізді.
Спикерлер журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.